astana-view

Алматыда бір жыл ішінде тіркелген кәсіпорындар саны азайып кетті

2014 жылғы 12 Мамыр
3850 просмотров

Алматыда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны биылғы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша тіркелген кәсіпорындардың 44.8%-ын құрады. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде мұндай кәсіпорындар саны 46,6% болған, деп хабарлайды BNews.kz қалалық статистика департаментіне сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, Алматы қаласында тіркелген заңды тұлғалардың басым бөлігі көтерме және бөлшек саудада сақталған, оның ішіне автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу де кіреді. Олардың үлесі 2014 жылдың 1 мамырындағы мәлімет бойынша 37.8%-ды құрады. Екінші орында – кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет (12,3%), ал үшінші сатыда құрылыс (10,2%) тұр. Осы үш қызметтің үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 60,3%-ын құрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер