astana-view

«КЕДЕН SERVICE» ЖШС Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 300 млн теңгеден астам айыппұл салынуды болдырмаудағы жедел қимылдары үшін алғыс айтады

2014 жылғы 11 Мамыр
7710 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы Төрағасының атына «КЕДЕН SERVICE» алғыс хаты келіп жетті, онда серіктестік Палатаға жедел түрде көрсеткен заңгерлік көмегі үшін шексіз ризашылығын білдіреді, деп хабарлайды Palata.kz.

Хатта Қызылорда облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мамандарының арқасында Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің заңсыз түрде салынған айыппұлды төлеуден құтылғандары атап өтілген.

«Кәсіпкерлікпен айналыса жүріп, көптеген кедергі, бөгеттерге тап келіп жататынымыз құпия емес. Осындай кедергілердің біріне Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің салық және кедендік төлемдер бойынша қарыздарды өндірту және 350 млн 372 мың теңге сомасындағы өсімпұлды төлету туралы хабарламаны жіберуін атауға болады», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге Қызылорда облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасына құқықтық көмек сұрап барғаннан соң, бұл мәселе БАҚ және сәйкес мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесте қарастырылғанын атап өту керек.

Осы жиналыстың нәтижелері бойынша Қызылорда облысының прокуратурасы ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетіне кеден органдарының кінәлі лауазымды тұлғаларына қатысты шара қолдану туралы ұсыныс енгізілді.

Бұдан әрі Қызылорда мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «КЕДЕН SERVICE» ЖШС қуынымын қанағаттандыру туралы шешім қабылдап, ал кедендік төлемдер және салықтар бойынша қарыздарды өндірту туралы хабарлама заңсыз деп танылды.

«Қызылорда облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлеріне сапалы және жылдам заңгерлік көмек көрсеткендері үшін шексіз алғыс айтқымыз келеді. Қызметтеріңізге үлкен табыстар тілейміз», - делінген хатта.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер