astana-view

Нұрлан Сүйінбаев Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры қызметіне тағайындалды

2021 жылғы 06 Қыркүйек
- Атырау облысы
11625 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының шешімімен, Өңірлік кеңестің келісімі бойынша Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының басшылығына Сүйінбаев Нұрлан Болатұлы тағайындалды.

 Нұрлан Сүйінбаев 1973 жылы 16 қарашада дүниеге келген. Халықаралық басқару, бизнес және құқық институтының заңгер-менеджері және Қ. Жұбанов  атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің экономист-қаржыгер мамандығы бойынша екі жоғары білім бар.

 Қызмет жолын 1990 жылы Қарабұтақ аудандық дайындау ұйымында жұмысшы ретінде бастаған. Әр жылдары «Инициал» инвестициялық, приватизациялық қорында тіркеуші, инвестициялар жөніндегі директор, «Қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» АҚ Ақтөбе филиалының конкурстық басқарушысы, «Жылу энергиясы» АҚ заңгер-кеңесші, бөлім басшысы, «Интертрейд» АҚ директоры қызметін атқарды. 2003 жылдан мемлекеттік қызмет жүйесінде жұмыс істей бастады, әр жылдары Атырау облысы әкімдігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті, мұнай-газ кешені, сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялық саясат басқармасы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінде басшылық қызмет атқарған. Ақтөбе облысы әкімдігі аппаратының жетекшісі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңірлік департаменттерінде жұмыс істеді.

Нұрлан Сүйінбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүйесінде 2017 жылдан бері  еңбек етіп келеді. Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директорлығына дейін Ақтөбе облысы ӨКП әкімшілік бөлімінің жетекшісі қызметін атқарды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер