astana-view

Алдағы екі жыл ішінде Қазақстанның шағын және орта бизнесі, банктік сектор жаңа даму жолына түседі

2014 жылғы 12 Мамыр
3125 просмотров

Алдағы екі жыл ішінде Қазақстанның шағын және орта бизнесі, индустриялық саясат, сондай-ақ банктік сектор жаңа даму жолына түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оған тек мемлекет қана емес, халықаралық әріптес - Азия Даму банкі де көмектеседі. Жақында кәсіпкерлікті дамытуға жалпы көлемі жеті миллиард доллар қаржы қарастырылмақ. Аз уақыт бұрын Астанада өткен Азия Даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісі біздің еліміздің аталған қаржылық ұйыммен қарым-қатынасына жаңа серпін берді. Төрт күн бойында көптеген елдерден келген өкілдер аймақтағы жағдайды, әлеуметтік даму барысын басқа да жайттарды талқыға салды. Әдеттегідей мұндай маңызды шараларда келісімшарттар жасалып, келіссөздерге қол жеткізіледі. Осы ретте төрағалық етуші мемлекет - Қазақстан да айтарлықтай өзекті мәселенің шешімін тапты»,- делінген ҚР Экономика және бюжеттік жоспарлау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.

Енді жасалған жаңа келісім аясында әрбір жұмсалған ақшаның тиімді пайдаланылуын қадағалауға Азия Даму банкі көмектесетін болады.

Сонымен қатар, АДБ мамандары Қазақстанға аталған қаржыларды дұрыс, ең бастысы тиімді пайдаланып, тиісті салаға бағыттауға қолдау көрсетеді. Басқаша айтқанда, Қазақстан Үкіметі жанынан Кәрім Мәсімовтің басқаруында үйлестіру кеңесі құрылады, Үкімет мүшелері АДБ мамандарымен бірігіп, бірлескен іс-әрекеттер жоспарын әзірлеуді және барлық ойластырылған жобаларды іске асыруға кірісуді талқыға салады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер