astana-view

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақ тілі» қоғамының филиалы қызметтестік туралы меморандумға қол қойды 

2021 жылғы 16 Қыркүйек
- Павлодар облысы
5716 просмотров

«Атамекен» Павлодар өңірлік палатасының алаңында мемлекеттік тілді дамыту және ҚР «Тілдер туралы» заңының талаптарын сақтау бойынша конференция өтті. 

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасымен ұйымдастырылған конференция жұмысын Палата директоры Серік Сәдуақасов жүргізді. 

«Қазақ тілі» Халықаралық қоғамының Павлодар облыстық филиалы Кәсіпкерлердің өңірлік палатасымен бірлесіп, өзара қызметтестік туралы меморандумға қол қойды. 

Тараптар бизнес субъекттері арасында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге қатысты келісті. 
Конференция жұмысына сауда үйлері, медициналық мекемелер, тасымалдаушылар сияқты кәсіпкерліктің түрлі салаларынан шағын және орта бизнестің 100-ге жуық өкілі белсене қатысты. Қатысушылар мемлекеттік тілді қолдану бойынша қойған сұрақтарына толыққанды жауап алды. Кәсіпкерлерге тіл саясаты саласындағы заңнама нормалары түсіндірілді. 

«Қазақстан Президенті Қазақстан халқына өзінің соңғы Жолдауында қазақ тілінің дамуы мемлекеттік саясаттың басты басымдығы болып табылатын атап өтті. Қазақ тілі білім және ғылым, мәдениет және ісжүргізу тіліне айналуы заңды», - деді С.Сәдуақасов. 

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басшысының орынбасары Сәуле Османова атап өткендей, ведомство тегін тіл курстарын ұйымдастыру және аударма ісі бойынша кәсіпкерлерге көмек беруге дайын. 

«Бүгінгі күннің өзекті мәселесі – тұрғындарға қызмет көрсету саласы. Әр азамат өзі қалаған тілде қызмет көрсетілуін талап ете алады. Алайда Павлодар өңірінде Тіл туралы заң бұзылуының жағдайлары бар», - деді ол. 

Сәуле Османованың сөзінше, маңдайша жазулар мен сыртқы жарнамада қателер табылған жағдайларда, басқарма өкілдері кәсіпкерлермен хабарласып, олардан осы қателерді түзетуді сұрайды. 

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі департамент директоры Нұрсұлу Әубәкірова қандай да бір тауардың бумасындағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілмесе, ведомство осындай тауардың өткізушісіне әкімшілік шараларын қолдана алатынын да еске сала кетті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер