astana-view

Мемлекеттік орган ведомствоға қарасты кәсіпорын мүддесін қолдайды – Қайырбек Сүлейменов

2021 жылғы 21 Қыркүйек
3758 просмотров

2021 жылғы 21 қыркүйекте «Атамекен» алаңында Қайырбек Сүлейменовтің төрағалығымен кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес жұмысына мемлекеттік органдар, бизнес және қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Кеңес отырысында сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу бойынша мемлекеттік монополия саласындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғауға қатысты мәселе қаралды. Қайырбек Сүлейменов  күн тәртібінде   Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік монополия субъекті өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларын белгілеу туралы» бұйрық жобасы талқыға салынатынын атап өтті. Кәсіпкерлердің пікірінше, бұйрық қабылданса, қызмет көрсету құны өсіп, отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігі шектеледі.

2021 жылдан бастап сәйкестікті растау саласындағы аккредиттеу қызметі мемлекеттік монополия ретінде жатқызылды. Оның бағасын монополияға қарсы органмен келісім бойынша уәкілетті орган белгілейді. Заңның осы ережелерін іске асыру үшін Сауда және интеграция министрлігі бұйрықтың жобасын әзірледі.

Бұйрықтың жобасы аккредиттеу жөніндегі ұлттық органның жұмысына/қызметіне 35 АЕК (адам күні) көлемінде баға белгілейді. Қазіргі кезде баға мөлшері 25 АЕК-ті (адам-күні) құрайды. Бұдан бөлек, бұйрық жобасы аккредиттеу бойынша қызмет құнын 10 АЕК-ке (нәтижеснде 35 АЕК) ұлғайтумен қатар тиісті зертханалық практиканың мониторингі бойынша жұмыстардың құны 80 АЕК (218 000тг) адам-күні мөлшерінде белгіленді. Бұл – Қазақстандағы орташа айлық еңбекақы мөлшеріне тең (223 213тг) сома.

«Осылайша, бұйрық жобасын әзірлеушілер мониторинг бойынша жұмыстың бір күнін айлық еңбекақының мөлшеріне теңеп қойған. Аккредиттеу жөніндегі қызметтерге бағаның күрт өсуі өнім өндірушілер мен жеткізушілер үшін сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметтер құнының негізсіз жоғарылауына әкеледі. Бұл сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын аккредиттеу бойынша жұмыстардың жоғары құнын белгілеуге әкеп соғады және бизнесті осы қызмет түрінен бас тартуға мәжбүр етеді», – деп атап өтті Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов.

Нәтижесінде өнімнің өзіндік құнының негізсіз өсуі салдарынан өндірушілер мен жеткізушілер өз тауарларының бағасын өсіруге мәжбүр болады. Бұл жайт отандық өндірушілердің нарықтағы бәсекеге қабілеттігін төмендетеді. Бұйрық жобасын қабылдау сәйкестікті растау және сынақ зертханалары бойынша отандық органдардың санын қысқартады, бұл мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің азаяды, қазақстандық сертификаттаудан сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар ұсынатын өтініш берушілердің көршілес ЕАЭО елдеріне, атап айтқанда Ресейге жаппай және біржола кетуіне әкеп соғады.

«Талқылау нәтижесінде сауда және интеграция министрлігінің әрекеттерінен  ведомствоға қарасты кәсіпорын – «Ұлттық аккредиттеу орталығына» қолдау көрсеткенін байқауға болады. Нарық субъектілеріне артықшылық беру сыбайлас жемқорлыққа бастайтынын ескерткім келеді», – деп қорытындылады Қайырбек Сүлейменов.

Сондай-ақ, Кеңес отырысында мемлекеттік органдарға бірқатар ұсыныс берілді. Атап айтқанда, Сауда және интеграция министрлігіне: аккредиттеу жөніндегі жұмыстардың адам-күн құнын азайту жағына қарай қайта қарау үшін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен жоғарыда көрсетілген бұйрық жобасын кері алу; 2021 жылғы 17 тамыздағы қоғамдық тыңдау нәтижелерінің күшін жою; аккредиттеу жөніндегі жұмыстардың құнын белгілеген кезде пайдаланылуға келіп түскен деректердің объективтілігін талдауға жұртшылық және аккредиттеу субъектілерінің өкілдерін тарта отырып, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ның қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу қызметтері құнының мөлшері бойынша енгізілген ұсыныстардың негізділігін қарау ұсынылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер