astana-view

Ұйғыр ауданында кәсіпкердің құқықтары қорғалды

2021 жылғы 21 Қыркүйек
- Жетісу облысы
1423 просмотров

Ұйғыр ауданы прокуратурасымен кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған шаралардың заңдылығына талдау жүргізу барысында барлық толтырылған әкімшілік хаттамалардың заңдылығы тексеріліп, нәтижесінде заң бұзушылық дерегі анықталды.

Аудандық ПБ-нің қызметкерлері тарапынан кәсіпкерлік субъектілеріне карантиндік талаптарды сақтау сұрағы бойынша мониторингтік топсыз тексеру жүргізіп,  кәсіпкерлердің құқығын бұзғандығы анықталды.

Атап айтқанда, аудандық ПБ-нің учаскелік полиция инспекторы Ұйғыр ауданы, Дардамты ауылдық округіне қарасты демалыс орнына өз бетінше барып, өздігімен әрекет жасаған.

Аталған демалыс орнында қызметкерлердің карантин (санитарлық-эпидемиологиялық) талаптарын сақтамағандығын негізге алып, заңсыз тексеру жүргізіп, ол бойынша құжаттар жинақтап, санитарлық-эпидемиологиялық органына жолдаған.

Нәтижесінде заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізіліп, қаралу нәтижесінде учаскелік полиция инспекторы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, аталған құжаттар қысқартылып, кәсіпкердің құқықтары қорғалған.

Осыған орай, Құрметті кәсіпкерлер Сіздердің құқықтарыңызды қорғау үшін «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мобильді тобы» жұмыс істеуде.

Осыған байланысты құқықтарыңыз бұзылған жағдайда 8 700 261-86-05,  8 701 780-78-84, 8 747 222-01-40, 8 708 129-42-07 байланыс телефонына хабарласуға немесе Шонжы ауылы, Әл-Фараби көшесі №21  мекен-жайында орналасқан аудандық прокуратурасына және Әл-Фараби №100 мекен-жайында орналасқан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына келіп құқықтарыңызды корғай аласыздар!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер