astana-view

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқасы міндетті мүшелік жарна мөлшерін бекітті

2014 жылғы 27 Мамыр
4973 просмотров

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқасы 2014 жылғы 29 қаңтардағы №1 шешімімен 2014 жылға Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына төленетін міндетті мүшелік жарналар көлемі бекітілді, деп хабарлайды ҚР ҰКП баспасөз қызметі.

Сонымен, республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы жылдық жиынтық табысы алпыс мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен асатын және бір жарым миллион еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшін – есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

Өз кезегінде, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы жылдық жиынтық табысы бір жарым миллион еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын кәсіпкерлік субъектілері үшін – есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына төрт мың төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

Осылайша, 2014 жылғы Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына төленетін міндетті мүшелік жарна сомасы 2013 жылғы жылдық жиынтық табысы 103 860 000 теңгеден асатын және 2 596 500 000 теңгеден аспайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін 296 320 теңгені құрайды. Ал 2013 жылғы жылдық жиынтық табысы 2 596 500 000 теңгеден асатын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 8 148 800 теңге.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер