astana-view

«Ұлы дала елі» ортақ брендін иелену байқауына онлайн-дауыс беру басталды

2021 жылғы 13 Қазан
6497 просмотров

«Ұлы дала елі» ортақ брендін иелену байқауына онлайн-дауыс беру басталды

Қазақстандықтар үздік-импорттаушы кәсіпорын атағына үміткерді таңдай алады.

 Онлайн дауыс беру ulydalaeli.kz сайтында 2021 жылдың 23 қазанына дейін жалғасады. Дауыс беру үшін электронды пошта мекенжайын белгілеп, кәсіпорынды таңдап, дауыс беру қажет.

Дауыс беру нәтижесі 2021 жылдың қарашасында жарияланады.

 «Ұлы дала елі» эмблемасы Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі мен танымалдығын арттыруға бағытталған.

Дауыс беруге 6 отандық компания ұсынылды:

 1. «Mega Smart» ЖШС (Кеңсе және мектеп жиһазын өндіру) – Шымкент қаласы;

2.  «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорын» ЖШС (Ветеринариялық бағыттағы биологиялық және дәрілік препараттар өндірісі) – Алматы облысы;  

3. «Амангелді атындағы» ЖШС (Балық өнімдері: салқындату әдісімен ысталған балық, ыстық әдіспен ысталған балық, қақталған балық) – Атырау облысы;

4. «Сәуле» кондитер фабрикасы (Производство кондитерских изделий) – Жамбыл облысы;

5. «Арал» сервистік-дауындау орталығы» ЖШС (Балық аула және өңдеу) – Қызылорда облысы;

6. «Қайып Ата» ЖШС (Ірі қара және  қой-ешкі өсіру және сату. Етті өндіру және қайта өңдеу: сиыр етінің ұшасы, тоңазытылған, тұтас ет, жартылай ұшада мұздатылған қой еті – Түркістан облысы.

Онлайн дауыс беру нәтижесінде жоғары дауыс жинаған 3 кәсіпорын жеңімпаз атанып, «Ұлы дала елі» ортақ брендін иелену құқығына ие болады. 

Анықтама үшін:

«Ұлы дала елі ортақ бренді Қазақстанның брендін халықаралық нарықтарда ілгерілететін Қазақстанның үздік отандық тауар өндірушілеріне беріледі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен «Ұлы дала елі» тұжырымдамасы «Атамекен» ҚР ҰКП тарапынан қолдау тапты. Осыған байланысты бесінші жыл қатарынан экспорттаушылар үшін «Ұлы дала елі»ортақ брендін пайдалану құқығын беру байқауы ұйымдастырылып келеді. Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар (көрсетілетін қызметтер) өндірумен айналысатын және өнімнің расталған экспорты бар заңды тұлғалар қатысады.

2016 жылғы жеңімпаздар:

  • «Кентау трансформатор зауыты» АҚ (трансформаторлар өндірісі) – Түркістан облысы;
  • «Қайнар-АКБ» ЖШС (аккумуляторлар өндірісі) – Алматы облысы;
  • «Рахат» АҚ (кондитерлік өнімдер өндірісі) –Алматы қаласы.

2017 жылғы жеңімпаздар: 

  • «MKS Logistics» ЖШС (көлік-логистикалық қызметтер) – Маңғыстау облысы;
  • «Қазфосфат» ЖШС (химиялық өнім өндірісі) – Жамбыл облысы;
  • «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС (ұн және макарон өнімдерін өндіру) – Ақтөбе облысы.

2018 жылғы жеңімпаздар:

  • «ПИК» ASTANA Ютария ltd» ЖШС (Тоқыма және трикотаж өнімдерін өндіру) – Нұр-Сұлтан қаласы;
  • «КНАУФ ГИПС Қапшағай» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру) – Алматы облысы;
  • «Орал трансформатор зауыты» ЖШС (трансформатор және электротехникалық жабдықтар өндірісі) – Батыс Қазақстан облысы;
  • «МИЛХ» ЖШС (сүт өнімдерін өндіру) – Қостанай облысы.

2019 жылғы жеңімпаздар:

  • «GOOD LOOK» сауда үйі» ЖШС (фермаларда ұсталатын жануарлар үшін дайын азықтарды өндіру); Жамбыл облысы;
  • «Премиум Ойл Транс» ЖШС (мұнай-газ секторындағы көлік қызметтері) – Нұр-Сұлтан қаласы;
  • «Абай Дәулет» ЖШС (күріш өндірісі) – Қызылорда облысы.

2020 жылғы жеңімпаздар:

  • «Kaz Ir Agro» ЖШС (мақсары майын өндіру); Жамбыл облысы;
  • «Kaz Organic Product» ЖШС (акваөсіру өсіретін толық циклді өнеркәсіптік балық шаруашылығы) – Алматы қаласы;
  • «Iron Concentrate Company» ЖШС (темір кені концентратын өндіру) Қарағанды облысы.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер