astana-view

Елордалық кәсіпкерлерге бизнесін дамытуға бірқатар мәселе кедергі

2021 жылғы 28 Қазан
- Астана қаласы
5264 просмотров

Кәсіпкерлер Мемлекеттік сатып алулар туралы ережедегі байқауға қатысуға өтінімдерде болатын авторизациялық хаттар деп аталатын әлеуетті жеткізушілердің болуы туралы талапты алып тастауды ұсынды. Өйткені бұл талап жеткізушілер арасындағы адал бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіреді.

Бұл ұсынысты Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы  алаңында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тауар нарықтарына кірудегі кедергілерді анықтау және жою жөніндегі өңірлік кеңестің кезекті отырысында Платаның Өңірлік кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Азат Жалкеев айтты.

Азат Жалкеевтің тәжірибесі көрсеткендей, барлық әлеуетті жеке меншік иелері өндірушілерден немесе олардың ресми өкілдерінен (дилерлер немесе дистрибьюторлар) хаттардың (сертификаттардың, куәліктердің), техникалық паспорттардың, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінде көрсетілген өнімнің сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін ала алмайды. Мұндай талаптар қолданылатын конкурстарға, әдетте, екіден көп емес әлеуетті өнім беруші қатысады (байқау өтті деп танылуы үшін жеткілікті сома).

«Алайда, әлеуетті қатысушылар одан да көп болуы мүмкін, бірақ олар өндірушілерден немесе олардың ресми өкілдерінен хаттардың (сертификаттар, куәліктер) болмауына байланысты қабылданбайды. Яғни, қолданыстағы редакциядағы заң нормасы аталған хаттарды ала алмайтын басқа да әлеуетті қатысушылар үшін кедергі болып табылады» – деп атап өтті.

Аталған норманы регламенттейтін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізуді ұсынды.

Отырыста қаралған екінші мәселені «Медконструктор» коммерциялық емес консорциумының өкілі Лейла Дайырбаева айтты. Ол Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына (ӨКП) кірудегі кедергілер туралы айтып, бүгінгі таңда ӨКП 17 өңірдің 4-інде ғана бекітілгенін атап өтті. Нұр-Сұлтан қаласында жоспар әлі күнге дейін келісілмеген, соның салдарынан жеке медициналық ұйымдар мемлекеттік қызмет көлемін ала алмайды.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің есебін жүргізу қағидаларына сәйкес дерекқорға өнім беруші ретінде енгізуге өтінімді өңірлік перспективалық жоспарға енгізілген денсаулық сақтау субъектісі береді. Егер жоспардың өзі әлі бекітілмеген болса, біз қалай өтініш бере аламыз? Бұл ретте, мемлекеттік қызметтер көлемі жылына бір рет бөлінеді, яғни денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер бастамаларды қабылдау мен келісудің бірыңғай тәжірибесінің жоқтығынан бір қаржы жылын жоғалтады» – деді.

Спикер ҚР ДСМ №186 бұйрығының 6-тармағындағы норманы алып тастауды және ӨКП мәселесі бойынша жұмыс тобы отырысының шешімі негізінде денсаулық сақтау объектілерін өнім берушілер базасына қосуды ұсынды.

Медициналық қызметке лицензия алу бойынша тосқауыл бөлігінде кеңесте айтылған үшінші мәселемен қазақстандық гематолог дәрігерлер қоғамының өкілі Ирина Пивоварова таныстырды. Ол медициналық ұйымдарға медициналық қызмет көрсетуге лицензия алу үшін «Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 Бұйрығының (бұдан әрі – 167 бұйрық) талаптарын сақтау қажеттігін айтты. Оған сәйкес медициналық ұйымдар жабдықтардың ең төменгі стандартын қамтамасыз етуге міндетті. Алайда, бұл талаптар аса жоғары, олар мамандандырылған бағытталған медициналық ұйымдар үшін емес, көп бейінді клиникалар үшін пайдаланылатын жабдықпен жарақтандыруды көздейді.

Кеңес барысында Ирина Пивоварова: Халықаралық тәжірибеге, сондай-ақ лицензиялау ережелеріне негізделген минималды жабдықтардың тізімін құру ережелері жоқ, профильдер, дәлелдер базасы бойынша сараптамалық медициналық қоғамдастықтың қатысуы жоқ екенін атап өтті.

Бұдан басқа, Бұйрық іс жүзінде көптеген медициналық ұйымдар лицензия ала алмайтындығына әкелді, оның ішінде жаңа қызмет түрлеріне. Оған қоса нақты мекен-жайы өзгерген кезде немесе жаңа өндірістік база пайда болған кезде медициналық ұйымдардың лицензиясынан бас тартуға және кері қайтарып алуға алып келді.

Осы проблемаларды шешу үшін спикер бұйрықтың қолданылуын тоқтата тұру, медициналық жабдықтар үшін тізімдер жасау ережелерін әзірлеу, бейінді қызметтердің стандарттары бөлігінде кодекске өзгерістер енгізу (медициналық жабдықты қосу), сондай-ақ лицензиялауды, әсіресе параклиникалық қызметтерді жүргізу ережелерін әзірлеу қажет деп санайды.

Өңірлік кеңес төрағасы Бейсен Жолболдиев бизнестің дамуына кедергі келтіретін барлық кедергілерді жою үшін аталған кедергілердің жол картасына енгізілетінін атап өтті.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер