astana-view

Атбасарда «Бастау Бизнес» түлегі алғашқы йога студиясын ашты

2021 жылғы 05 Қараша
- Ақмола облысы
22728 просмотров

28 жасар Мәдина Сүлейменоваға «Бастау Бизнес» жобасы жеке кәсіп бастауда катализатор болды.

Бір жыл ішінде Мәдина Атбасар қаласында йогадан сабақ бере бастады. Алайда жоба шарттарымен танысқан соң, оқуды сәтті аяқтап, Мәдина кәсіпті кеңейтуге бел буады.

 Келіншек грант алды, осы қаражатқа қажетті мүкәммал сатып алып, студияны кеңейтті. Осы спорт түрімен айналасушылар қатар көбейді. Бүгінде аудандағы бұл жалғыз йога орталығы. Мұнда ересектер де, балалар да йогамен айналыса алады. Жаттығулар күнделікті дүйсенбіден жұма аралығында өтеді.

 «Бізге денсаулықты нығайтып, уақытты пайдалы өткізу үшін зейнеткер апалар да келеді. Өйткені бұл практиканы кез келген жаста бастауға болады. Мен үшін йога – өмір салты ғана емес, бұл тұтастай фәлсафа, дене физикасымен тығыз байланыста рухани өсу», – деді Мәдина.

 Кәсіп ашқанға дейін Мәдина мемлекеттік қызметкер болған. Жоғары техникалық мамандық алған соң ол төрт жыл бойы аудандық әкімдікте еңбек етті. Содан кейін Мәдина жеке кәсіп ашып, дамытқысы келетінін түсінді.

 «Бастау Бизнес» жобасы бизнес бойынша базалық білім беріп қана қоймай, адамның ойлау қабілетін кеңейте түседі. Интенсивті курс барысында көп пайдалы ақпарат аласың, іскерлік байланыс артады. Енді кәсіпті жаңадан бастаған кәсіпкерлерге жеңілдікпен несиені қалай алуға болатыны туралы кеңес алу үшін «Атамекенге» қайта жүгінуді жоспарлап отырмын. Мен студияны кеңейтіп, бірнеше кәсіби жаттықтырушыларды тартуды жоспарлап отырмын», – дейді жоба түлегі.

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің бастығы Анар Саниеваның айтуынша, осы жылы «Бастау Бизнес» бойынша жоспарланған 1300 тыңдаушының орнына 1415 тыңдаушы (108,8%) оқудан өтті. Олардың 238-і 266 млн теңгеден астам сомаға өз жобаларын іске асырды, соның нәтижесінде 300-ге жуық жұмыс орны құрылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер