astana-view

Кәсіпкерге дұрыс қызмет көрсетпеген шенеунік сөгіс алды

2021 жылғы 05 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
8121 просмотров

Мемлекеттік қызметші Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен тәртіптік жазаға тартылды. Бұл жергілікті кәсіпкердің қаржылық зардап шеккен жағдайының нәтижесі. ӨКП кәсіпкердің шағымын бақылауға алып, шағымның негізділігін дәлелдеді және лауазымды тұлғаның жауапқа тартылуына қол жеткізді.

 Өңірлік кәсіпкерлер палатасына «САТЕЛЛИТ-GROUP» ЖШС иесі жоғарыда аталған мекеменің қызметкерінің әрекетіне  шағыммен көмекке жүгінді. Мемлекеттік қызметкер кәсіпкерге қызмет түрі туралы жалған ақпарат берген, мұның салдары рұқсат беру құжатын алғаны үшін төлемді негізсіз алуға әкеп соқты. Кәсіпкердің шағымында кәсіпорын 2018 жылдан бастап БҚО-ның Теректі және Бәйтерек аудандарында орналасқан құм-қиыршық тас кен орнында жер қойнауын пайдаланушы екені және жер қойнауын пайдаланушыға жүктелген барлық міндеттемелерді «САТЕЛЛИТ-GROUP» ЖШС толық көлемде орындайтыны жазылған. Өндірілген құм-қиыршық тас қоспасы облыстың жолдары мен әлеуметтік маңызы бар нысандарын салу үшін пайдаланылады.

Кәсіпкер 2018 жылы жер қойнауын пайдалану құқығына құжаттарды ресімдеу кезінде Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ өкілі оған мемлекеттік орман қорында жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға тек Орман билеті болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін түсіндірді. Бұл билетті басқарма ақылы негізде береді. Екә жыл бойы «САТЕЛЛИТ-GROUP» ЖШС орман билеті үшін төлем жасаған, ал 2020 жылы осы билетті алуға кәсіпорыннан төлем алынбады. Биыл ақпанда кәсіпкер Орман биленітен өтінім бергенінде оған бұл рұқсат құжаты тегін берілген. Бұған кәсіпкер таң қалды. Сол кезде басқармадағылар ЖШС директорына кәсіпорынның қызмет түрі орман ресурстарын және орманның пайдалы қасиеттерін пайдаланумен байланысты емес болғандықтан, ЖШС орман пайдаланушы емес екенін, яғни орман билеті үшін ақы алу көзделмегенін түсіндірді.

 Мемлекеттік қызметкердің дұрыс түсіндірмеуі себепті екі жыл бойы Орман билетіне ақы төлеп келген кәсіпкер облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына шағымданған. Онда кәсіпкер өз шағымына жауап алған жоқ, сол кезде БҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

 ӨКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімі мемлекеттік мекем тарапынан орын алған бұзушылықты байқап, кәсіпкердің өінімін облыстық прокуратураға жіберіп, ілеспе хатта өз позициясын жазды. Қадағалау органының қызметкерлері кәсіпкердің наразылығының заңдылығын растады. Сол кезде БҚО кәсіпкерлер палатасы Мемлекеттік қызмет істері департаментіне кінәлі тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту жөнінде өтініш жасаған. Мәселені шешуді ӨКП бақылауға алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер