astana-view

Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының қолдауымен дәстүрлі садақ ату клубы ашылды

2021 жылғы 08 Қараша
- Қостанай облысы
6281 просмотров

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы көмегіне дәстүрлі садақ атудан ел чемпионы Аяулым Аппазова жүгінді. Спортшы Қазақстан атынан түрлі жарыстар, соның ішінде халықаралық жарыстарға шығады.

Аяулым Аппазова Қостанай облысының тумасы, Нұр-Сұлтан қаласында оқыған. Спорттық мансабының бір жылында-ақ ол осы спорт түрінен айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

 «Түрлі жарыстарға қатысып, Қостанайдан осы спорт түрімен айналысатын спортшылар жоқ екенін байқадым. Сондықтан өңірде дәстүрлі садақ ату клубын ашып, осы идеяны насихаттау қажет деп шештім», – деді Аяулым Аппазова.

 Бұл стартапты ӨКП мамандары қолдап, кәсіпкерге жобаны әзірлеуде консультациялық және заңгерлік сүйемелдеу көрсетті.  Спорт клубының ашылуына облыстық кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы Айдарбек Ходжаназаров, Қостанай облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев, өлкетану мұражайы, мәдениет басқармасының өкілдері қатысты.

 «Бұл спорт түрі жастар арасында танымал болып келеді. Филиалдар ел ауқымында 9 облыста ашылды. Қостанай спорт клубы ашылған тоғызыншы өңір. Күтілетін нәтиже – ел намысын халықаралық жарыстарда қорғай алатын спортшыларды дайындау», – деп атап өтті «Садақ ату» дәстүрлі садақ атудан республикалық федерациясының вице-президенті Диас Ахметов.

 Федерация өкілі іс-шара қонақтарына арналған алғашқы шеберлік сабағын  өткізді.

«Ұлттық дәстүрлерді нығайтып, оны жас ұрпаққа насихаттау маңызды. Бұл біздің мәдениетіміздің негізі, рухани мұрамыз және тәуелсіздіктің берік іргетасы», – дейді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Айдарбек Ходжаназаров.

 Бұл адамға салт-дәстүрді еске алу, физикалық тұрғыда мықты бола түсуге баулитын әдемі спорт түрі.

 «Бұл жерде қарсылас жоқ, жеңіс жлында сенің қабілет-қарымың мен нысана ғана бар, барлық күш-жігерді ортаға салып, нысанаға дөп тиіп, жақсы нәтиже көрсету керек. Жақын арада алдағы жарыстарда алғашқы нәтижелерді көрсете бастаймыз деген сенімдемін», – дейді Аяулым Аппазова.

 Жақын арада өтетін жарыс елордада ақпанда ұйымдастыралады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер