astana-view

Көкшетауда «Бастау Бизнес» түлектерінің клубы ашылды

2021 жылғы 09 Қараша
- Ақмола облысы
22603 просмотров

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау Бизнес» жобасының түлектер клубы ашылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, клубтың мақсаты – тәжірибе алмасу, бизнес-процестерді ілгерілету, бизнес салалары бойынша жеке шеберлік сабақтарын өткізу мақсатында жоба түлектері үшін бірыңғай алаң құру.

Алғашқы күні клуб 40-тан астам қолдаушыны біріктірді. Мысалы, «Бастау Бизнес-2019» түлегі Любовь Фролова қауымдастыққа әлеуетті бизнес-серіктестер табу, жинақталған тәжірибемен ғана емес, ақпаратпен алмасу мақсатында қосылғанын айтты. Екі жыл бұрын жоба аяқталғаннан кәсіпкер кейін грант алып, тырнақ күту сервисінің шеберлерін дайындауға арналған оқу орталығын іске қосты. Бүгінгі таңда Любовь – табысты тренер және мотиватор.

«Менің тренинг өткізуде бай тәжірибем бар, пайдалы ақпаратпен бөлісемін. Қазіргі кезде жеке даму, мақсат қою, жоспарлау бойынша курстар өткіземін. Менторингпен айналысамын, жұмыспен қамту орталығы, электрондық enbek.kz биржасымен тығыз байланыстамын», – дейді бизнес ханым.

Клубтың тағы бір қатысушысы, көп балалы ана Әсем Саркина 2020 жылы жоба бойынша оқудан өтіп, ірімшік пісіру жабдығына грант алды. Қазір ол ірімшіктің бірнеше түрін өндіру және сатумен айналысады. Оның тұрақты клиенттері бар, тұтынушылар арасында жақсы пікірлер көп.

Клубтың ашылуында «Атамекен» ҰКП бизнес-тренерлері Зиза Ақылбаева, Қайрат Усин, Жібек Ахметбекова өз тауарлары мен қызметтерін дұрыс және сауатты сату, өз әлеуетін объективті бағалау, мақсаттар мен міндеттерді қою бойынша шеберлік сабақтарын өткізді, өз тауарларын ілгерілету құралдарының бірі ретінде Wildberries сауда алаңын таныстырды.

 «Клубқа мүше болу тегін. Біз барлық түлектерді қамтуды көздеп отырмыз. Бұл алаңда табысты түлектермен қатар бизнеске алғашқы қадамдар жасап жатқан азаматтар да бас қосады, осылайша синергия құрылады», – деді ӨКП кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Анара Саниева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер