astana-view

Алматылық жеті компания «Алтын сапа», «Парыз» және «Іскер» сыйлықтарының лауреаттары атанды

2021 жылғы 07 Желтоқсан
- Алматы қаласы
12258 просмотров

Елордада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының 15-ші мерейтойлық марапаттау рәсімі өтті.

Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын тапсыру жылдың басты оқиғасы саналады. Алматы қаласы бойынша «Алтын сапа» байқауына қатысуға 33 компания өтінім беріп, оның ішінде 19 кәсіпорын құжаттарын толыққанды ұсынып байқаудың келесі кезеңіне жіберілді. Байқау қатысушыларының ең көп бөлігі «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» (6 қатысушы), «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» (6 қатысушы) номинациялары бойынша болды.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, отандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі мен өнімділігін арттыру үшін заманауи сапа жүйесін енгізу қажет. Үздік халықаралық модельдер мен тәжірибелерге сәйкес болу үшін мемлекет басшысы «Алтын Сапа» байқауының талаптарын кезең-кезеңімен сапаны басқарудың Еуропалық стандартының жаңа моделіне сәйкестендіруді ұсынды.

Биыл Алматы қаласындағы 8 компания «Алтын сапа» сыйлығының финалистері атанды. «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясында лауреаттардың бірі алматылық «DOC Co.LTD, ал «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорындардың» бірі «ИНВИТРО-Қазақстан» ЖШС болды.

Сондай-ақ, екі алматылық кәсіпорын Қазақстан Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға және «Қазақстанның үздік тауары» шағын кәсіпкерлік субъектілері арасындағы жеңімпаздардың бірі «Елена» тігін өндірісі» ЖШС болды, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында «КазФерроСталь»ЖШС компаниясы ерекшеленді.

«Үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпорын» номинациясында «Парыз» (ірі бизнес санаты) сыйлығының күміс мүсіншесінің иегері «KAZ MINERALS AKTOGAY» ЖШС болды. «Үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша «Парыз» сыйлығының күміс мүсіншесінің иегері (ірі бизнес санаты) «Kaz MINERALS AKTOGAY» ЖШС, «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша – «Alina group» ЖШС, ал «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша – «Kazakstan Waste Recycling»ЖШС болды.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев марапаттау рәсіміне қатысып, «Іскер»сыйлығының 5 марапатын табыстады.

«Біздің кәсіпкерлерге берілетін сыйлықтар – ірі кәсіпкерлердің де, шағын бизнес өкілдерінің де нәтижелі кәсіпкерлік еңбегімен марапатталған сыйлықтар.  Сыйлық тапсыру жас кәсіпкерлерді бизнестің шыңына жетуге, Қазақстанда үздік тауарлар шығаруға талпындырады», – деді Максим Барышев.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, сапа саласындағы байқаулар жеңімпаздарға көшбасшы имиджін, жоғары сапалы бәсекеге қабілетті өнімдер мен қызметтердің сенімді өндірушісі беделін қамтамасыз етеді.

«Алтын сапа» байқауына қатысудың өзі компанияларға Қазақстан нарығында танымалдығын арттыруға мүмкіндік береді. Сыйлық лауреаттары басқаларға шабыт беріп, үлгі болады. Президенттің қолынан шыққан «Алтын сапа» сыйлығы – қоғамның жоғары деңгейде мойындауы, атқарған жұмыстың бекер болмағанын түсінуге мүмкіндік береді. Алматының бизнес-қоғамдастығы атынан біздің жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және кәсіби табыстар мен ойластырылған жобалардың іске асырылуын тілейміз», – деп атап өтті Айтуар Қошмамбетов.

Өткен жылдың нәтижелерін еске алатын болсақ, 2020 жылы Алматы қаласының 4 компаниясы сыйлық лауреаттары атанды:

- «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясында (ірі бизнес санатында) – «Алматы көпір құрылымдары зауыты (АЗМК)»ЖШС;

- «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясында (ірі бизнес субъектісі санатында) – «Тұран» университеті « мекемесі;

- «Азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясында (ірі бизнес субъектісі санатында) – «Ақсай «ХБК» ЖШС;

- «Үздік индустриялық жоба» номинациясында  – «КЕЛЕТ»АҚ үздік атанды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер