astana-view

Ауылдық кәсіпкерлер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Кәсіпкерлер палатасының аудандардағы филиалдарын құрғаны үшін алғыс білдіреді

2014 жылғы 13 Мамыр
8142 просмотров

Ауылдық кәсіпкерлер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Кәсіпкерлер палатасының аудандардағы филиалдарын құрғаны үшін алғыс білдіреді, деп хабарлайды Palata.kz.

ӨКП өкілдері шалғай аудандарда жұмыс жасаған төрт ай ішінде ауылдық бизнесмендердің қандай да бір рұқсат құжаттарын алумен байланысты шамамен 50 мәселесін шешкен, оларға бизнес бағытын анықтауда көмектескен, «Бизнес-көмекші» курстарына жіберіп, бизнес-жоспарлар құруларына көмектесті.

Сонымен, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Кәрімжан Байтілеуовтің «Гүлзат» шаруа қожалығының жер актісін алумен байланысты мәселесін шешті.

«2010 жылы мен Ұлғайсын ауылында диірмен ашуды шештім. Оған бұрынғы қоғамдық монша ғимаратын таңдадым да, әкімшілікке өтінішпен бардым. Жағымды шешім шығарып, қағаз ұстатты. Құжатнаманы ресімдеуге бір жарым жыл кетті, телімге жер актісін алуға тағы да екі жарым жылымды бердім», - деп өз проблемасымен бөлісті шаруа иесі.

Кәрімжан Байтілеуов табалдырығын тоздырған ауданның жер қатынастары бөлімінде мемлекеттік актіні беруді түрлі сылтаулармен кейінге қалдыра берді. Соңғы  инстанцияны іздеген бизнесмен Ақтөбе облысының КП аудандық филиалына келіп ат басын тірейді.

«Шынымды айтсам, мәселенің шешімін табатынына сенбедім. Бірақ менің ісіме филиал директоры араласқаннан кейін 4 жыл бойы алаңдатқан мәселе, 10 күн ішінде шешімін тапты. Мен Елбасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, Палатаның аудандық филиалдарын құру туралы шешімі үшін алғыс айтамын. Елдің бизнес-қоғамдастығы осындай институтқа зәру еді. Мен сіздердің көмектеріңізбен өз ісімізді дамытуға жеңіл болады деген сенімдемін», - деп қорытындылады Кәрімжан Байтілеуов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер