astana-view

«Атамекен»: бизнес жұмысы уақыт жағынан шектелмейді

2022 жылғы 24 Қаңтар
9170 просмотров

Бүгін, 2022 жылғы 24 қаңтарда коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында барлық өңірде кәсіпкерлердің бірқатар тобына карантин шектеулерін алып тастау туралы шешім қабылданды. Бұл ұсынысты «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев айтты.

Бұдан бөлек, «көк» статусы бар келушілерге қызмет көрсететін кәсіпкерлерге де жеңілдік жасалды. Енді олар эпидахуал бойынша «жасыл» аймақта шектеусіз жұмыс істей алады. «Сары», «қызыл» аймақтарда келушілер саны артып, жұмыс кестесі бойынша шектеу алынып тасталады.

 «Жасыл» статус болған кезде мынадай нысандар мен салалар шектеусіз жұмыс істей алады:

  • салтанат, еске алу, отбасылық шаралар: банкеттер, той, мерейтой, ас өткізетін нысандар;
  • конференциялар, форумдар, көпшілік жиналатын бұқаралық шараларды ұйымдастырушылар;
  • көрмелер, таза ауада (сыртта) өтетін марафондар;
  • көрермені бар спорт шаралары;
  • діни нысандар, соның ішінде жабық нысандарда топпен ғибадат ету;
  • ойын клубтары, казино, түнгі клубтар және караоке;
  • сауда ауданы 100 ш.м-дан асатын СОО, сауда үйлері (азық-түліктік емес); сауда ауданы 6000 ш.м-дан асатын сауда желілері (азық-түлік);
  • сауналар, моншалар, бассейндер;
  • спорт-сауықтыру орталықтары, фитнес және йога орталықтары.

Ashyq жобасының келесі қатысушылары «көк» статус болған жағдайда шектеусіз жұмыс істей алады:

 - отельдер, қонақүйлер;

-әуежайлар;

- теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, авто бекеттер, автоөтпе жолдар;

- ХҚКО жолаушыларына қызмет көрсету пункттері;

 - банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері;

 -алкоголь сусындарды сатпайтын асхана түріндегі қоғамдық тамақтану нысандары;

-жабық базарлар;

-білім беру нысандары, жоғары оқу орындары, колледждер, орталықтар;

-сұлулық орталықтары мен салондары, СПА, маникюр, педикюр, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсету (алдын ала жазылу);

-облысаралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус тасымалдары.

 Мейрамхана, кафе, кофехана түріндегі қоғамдық тамақтану нысандары, бильярд, боулинг орталықтары, театрлар, концерт залдары, филармониялар, цирктер, сондай-ақ компьютер клубтары «сары» аймақта толымдылық 70 пайызға дейін, «қызыл» аймақта 60 пайызға дейін шектеумен жұмыс істей бастайды.

Лотерея клубтары және лотереяны өткізудің өзге де нүктелері, букмекер кеңселері «сары» және «қызыл» аймақтарда бір келушіге кемінде 4 шаршы метр алаңды қамтамасыз етуі тиіс.

Балалар ойын-сауық орталықтары (жабық нысанда) «сары» аймақта бір адамға кемінде 10 ш.м. және «қызыл» аймақта 60%-ға дейінгі толымдықпен,  бір адамға кемінде 10 ш. м. алаңмен қамтамасыз етілген кезде жұмыс істей алады. Океанариумдар «қызыл» аймақта толымдылық 60 пайыздан аспаған кезде жұмыс істей алады.

 Сонымен қатар «Атамекен» тағы бірнеше жеңілдік шараны ұсынды, бірақ олар қолдау таппады. Атап айтқанда, бір дастархан басында 4-тен артық адамның отырмауы талабын алып тастау; балабақшалар мен мектеп ұйымдарына офлайн режимінде жұмысты жаңарту. Бұдан бөлек, Олжас Ордабаев елде эпидахуалдың «жасыл» және «қызыл» екі аймағын енгізуді ұсынды. Бұл ретте «қызыл» аймақ: ауруханаларда төсек-орын толымдығы 70 пайыздан асқанда және өлім көрсеткіші жоғары кезде енгізу ұсынылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер