astana-view

«Тапсырысты орындай алмаймыз»

2022 жылғы 04 Наурыз
- Астана қаласы
18370 просмотров

Елордалық тоқыма компаниялары арнайы киім тігу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындай алмайтынын айтты. Мұның себебі – нарықтағы жағдайға байланысты мата-материалдардың күрт қымбаттауы.

Нұр-Сұлтан қаласында  Ресейге санкциялар пакетінің енгізілуі және оның Қазақстан экономикасына әсер етуіне байланысты «Атамекен» ҚР ҰКП құрған өңірлік жедел штабтың отырысы өтті. Жиында елордалық кәсіпкерлер осы шараның нәтижесінде қандай проблемалар мен қатерлерге тап болғанын айтып берді.

 Елордалық тоқыма компаниялары мата-материалдың қымбаттауы және валюта бағамының өсуі салдарынан арнайы киім, мектеп формасын тігу бойынаш келісімшарттық міндетмелерді орындай алмайтынын бір ауыздан айтты.  BMC Sales жетекшісі Асқар Башеев шикізатты жеткізушілердің бәрі валюта бағамының құбылуына байланысты келісімшарт жасауға қорқады.

 «Алда мектеп науқаны келе жатыр, біз тіге алмаймыз, оған ресурс тапшы. Жетізушілер келісімшарт жасауға асықпайды, өйткені ертең баға өзгеріп кетпесіне кепілдік жоқ», – деді спикер.

 «Прогресс» тігін фабрикасы» ЖШС өкілі Нұржан Манкин оның фабрикасы Қорғаныс министрлігімен 2021 жылдың күзіндегі бағамен келісімшарт жасағанын айтты. Ал қазір Қытай және Ресей өндірген материалының бағасы 30-40%-ға қымбаттады.

«Қазіргі уақытта біз келісімшартты да орындай алмаймыз», – деп атап өтті ол.

Оның әріптесі, «КазСПО-N» ЖШС Бас директоры Елена Свечникова қазіргі жағдайда Қорғаныс министрлігімен олар жасауға ниеттенген келісісшарт тиімсіз болғанын, сондықтан олар одан бас тартуға мәжбүр болатынын атап өтті.

 «Алайда бізді ісін адал жүргізбейтін жеткізушілер тізіліміне қосады деп уайымдаймыз. Бізге осы бағытиа көмектесе аласыз ба?», – деп сұрады ол.  

Осы мәселені басқа да өнеркәчіп кәчіпорындары көтерді. 

«Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС өкілдері Еуропа және АҚШ-тан келуі тиіс ауыл шаруашылығы техникасы Беларусь және Ресей жақтан кешігіп жатқанын айтты. Бұл жабдық оларға алдағы көктемгі дала жұмыстарын бастау үшін қажет.

 «Егіс жұмыстары бір жарым айдан соң басталады. Логситика маршруты бойынша алаңдаушылық бар. Егер РФ және Беларусь өз шекарасын жапса, сәйкесінше бүкіл тауар ағыны Түрки және Әзірбайжан арқылы тасымалданады. Баку және Ақтау порттары мұндай жүктемеге дайын ба? Бұл техниканың тұрып қалуы, көлік кептелсіне әкеп соғады! Сонымен қатар жеткізу мерзімін де кешіктіреміз. Бізге қазір транзит үшін Ресей және Балерусь шекарасының жабылмағаны керек», – деді  компания өкілі.

«ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы» ЗТБ президенті Қанат Ибраев отандық жиһаз өнеркәсібінің тоқтап қалуына көмектесетін бірнеше ұсыныстарды айтты.

«Бірінші кезекте, плиталық материалдарды тасымалдауды субсидиялау қажет. Біз бұған дейін бұл ұсынысты бердік, бірақ ол Экономика министрлігі мен Қаржы министрлігінде назардан тыс қалды. Плиталық материал бағасындағы ең көп үлесті, өндіруші зауытқа байланысты, шамамен 40-50% тасымалдау құрайды», – деп атап өтті Қанат Ибраев.

Бұдан әрі, оның пікірінше, плиталық материал мен фурнитураны жеткізуге арналған салық жеңілдіктерін әзірлеу керек. Шетелдік жабдықты жеткізуге арналған преференцияларға ұқсас, өйткені екеуі де Қазақстанда өндірілмейді. Сондай-ақ алдағы 3 жылға коропартвиті табыс салығына мораторий енгізу қажет.

«Qazaq stone» Қазақстан тас өңдеу саласының одағы» ЗТБ төрағасы Дәурен Ағзымов одақ жыл бойы Мәскеумен отандық тасты жеткізуге келіссөздер жүргізгенін атап өтті. Алайда, жақында олар елдегі саяси жағдайға байланысты барлық жұмыс тоқтағаны туралы хабарлама алды.

«Біз осы жылы жұмыссыз қалдық. Не істеу керегін білмеймін...», - деді ол.

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының м.а. Бейсен Жолболдиев айтылған барлық мәселе жиналып, баламалы шешімдерді іздеу үшін «Атамекен» ҚР ҰКП жедел штабына жіберілетінін атап өтті.

 Құрметті кәсіпкерлер!

Егер бизнесіңіз Ресейге салынған сакһнкциялар салдарынан зардап шеккен болса, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жедел штабқа мына телефондар арқылы хабарласуды сұраймыз.

8 (7172) 91-90-80

+7 705 707 1482

+7 705 585 5579

+7 702 154 7707

Сонымен қатар WhatsApp нөмір: 87788701432.

Сондай-ақ мәселені сипаттап, мына сілтеме арқылы гугл-форманы толтыра аласыз:

https://forms.gle/6X8rqPiGd2HMK7YU8

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер