astana-view

Елімізде аз өндірілетін тауарларды әкелуге талапты уақытша қысқартуды қолдайды – Ұлттық палата

2022 жылғы 25 Наурыз
4984 просмотров

Ресейдегі жағдайға байланысты логистикалық тізбектердің үзілуі және жеткізу маршруттарының бұзылуы салдарынан елде импорт тауарлардың тапшылығын болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет.

Тұрмыстық химия және техника сынды кейбір тауар елімізге импортталады. Бұған дейін мұндай өнім түрлері Қазақстанға ірі әлемдік өндірушілердің өңірлік өкілдіктері арқылы Ресейден тасымалданатын. Алайда санкциялық қысымнан кейін көптеген компания (Проктер энд Гэмбл, Марс және басқа да компаниялар) РФ нарығынан кетті. Енді осы тауарларды жеткізу үшін қазақстандық импорттаушылар тікелей өндірушілерге жүгініп жатыр.

Алайда қазіргі кезде қиындықтар бар. Елге тауарларды жеткізу мерзімі ұзарып кетті. ҚР нарығына шетелдік өндірушілер құлықсыз.

Бірінші қажеттіліктегі тауарларға сұраныс ішінара отандық өндірістегі тауарлармен өтелуі мүмкін. Алайда қалған өнімдер бойынша тиісті шаралар қажет. Сондай-ақ, отандық өндірушілер көптеген бағытта импорттық құрауыштар, шикізат немесе жабдыққа тәуелді.

«Дүкендерде тауардың қымбаттауын және тапшылығын болдырмау үшін шаралардың бірі ретінде міндетті таңбалау талаптарын және сәйкестікті бағалау рәсімдерін оңтайландыру ұсынылады.  Бұл жерде отандық тауар өндірушілердің мүддесі мен мүмкіндіктерін ескеру маңызды. Бұл шара тауарлардың жетіспеушілігі салдарынан қоғамда әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін қажет.Сол себепті елімізде өндіріс көлемі аз немесе мүлде жоқ тауарлардың тізімін анықтау керек.  Содан кейін осы тауарлар үшін техникалық міндетті талаптар оңтайландырылады», – деді «Атамекен» ҰКП мамандары. 

Мысалы, мұндай уақытша жеңілдіктер ретінде этикеткалар мен жапсырмаларды мемлекеттік тіл және орыс тілінде міндетті түрде таңбалау және импортталатын тауарларға қатысты сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсыну жөніндегі талаптарды тоқтата тұруға болады.

Бұл ретте қосымша опция ретінде сөрелерде және сауда аймақтарында тауарлар туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын QR-кодтарды пайдалану ұсынылады.

Сәйкестікті бағалау рәсімі (оның ішінде сертификаттау) уақыт пен қаржыны талап ететінін, сондай-ақ сәйкестікті бағалау тиісті таңбалау болған кезде жүргізілетінін ескере отырып, тауарды таңбалауға да, сәйкестікті бағалау бойынша да оңтайландыру шаралары талап етіледі.

 Ол үшін мынадай шаралар ұсынылады:

  1. Қазақстанда аз өндірілетін немесе мүлдем жоқ (отандық өндірушілер сұранысты өтей алмайтын өнімдер) тауарлар тізімін анықтау;
  2. импорт кезінде талаптарды оңтайландыру (тауарды сертификатсыз және таңбасыз әкелу) белгілі бір мерзімге шектелуі тиіс.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер