astana-view

Электрондық декларациялау орталығы нәтиже бермеді – «Атамекен»

2022 жылғы 19 Мамыр
13207 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастық өкілдерін сауалнамаға қатысуға шақырады. Сауалнаманың нәтижесі кәсіпкерлердің Электрондық декларациялау орталығымен өзара іс-қимыл мәселелерін одан әрі пысықтау үшін негіз болады. Сауалнама жасырын түрде жүргізіледі. Барлығы 20 сұраққа жауап беру ұсынылады. Сауалнамаға сілтеме

Палата мамандарының айтуынша, Электрондық декларациялау орталығы екі жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді. Бірақ, орталықтың мақсаттары әлі күнге дейін іске аспады: тауарларды шығару мерзімдері қысқартылмады; кедендік ресімдеу процесі жеңілдетілмеді; логистика шығындары қысқармай, керісінше өскен. Сонымен қатар, кәсіпкерлер Орталықтың лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қатысты енді шағымдана алмайды.

 Электрондық декларациялау орталығы арқылы кедендік рәсімдеу кезінде кәсіпкрлер тап болатын негізгі мәселелер:

  • «сары» немесе «қызыл» дәліздер бойынша кедендік рәсімдеу мерзімі ұлғайтылған;

- Орталық қызметкерлерінің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағым түсіру мүмкіндігі алынып тасталды. Демек, бұған дейін аумақтық кеден органдары кәсіпкерлерден әкімшілік актілерді қабылдайтын, бұл актілерге қатысты  жоғары тұрған органға шағымдануға болатын еді. Қазір шешімді Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты электрондық декларациялау орталығы қызметкерінің бірі қабылдайды.

Электрондық декларациялаудың қазіргі жаңа моделі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың лауазымды адаммен бетпе-бет қалуына әкеп соғады. Ал лауазымды тұлға тиісті әкімшілік акт шығарады және оның іс-әрекетіне шағым жасау мүмкін емес;  

- Орталық және МКК құрылымды бөлімшелері арасында өзара әрекеттесудің бекітілген регламенті жоқ (жіктеме, баға, тексеру мәселелері, кеден бекетінің өзіне және басқалардың тыйым салуы мен шектеуі);

- тауарлардың кедендік құнын айқындау жөніндегі шешімнің бекітілген формасы жоқ. Бизнес өзі мәлімдеген кедендік құнның неге қабылданбағанын және оған қатысты неге басқа бағалық ақпарат қабылданатынын білмейді;

 - кәсіпкер ұсынған құжаттармен таныспай жатып, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша қосымша қамтамасыз етуді ұсыну бойынша талап қойылады;

 - кеден органы мен кәсіпкер арасында заңнамада көзделген мәлімделген кедендік құнның негіздемелерін ұсынуға қатысты консультациялар жүргізу практикасы жоқ;

 - орталық пен кәсіпкердің өзара әрекеттесуі МКК қызметкерлері құрған телеграм-канал арқылы ғана жүзеге асады. Мұндай қарым-қатынас өзінің мәні бойынша, құқықтық кеңістік тұрғысынан заңсыз саналады. Сонымен қатар, аталған коммуникация каналы кері байланысты 100%-ға қамтамасы етпейді. Себебі кәсіпкерлердің көптеген өтініші жауапсыз қалады. Есесіне орталық қызметкерлері өтінішке жауап бермегені үшін жауапқа тартылмайды.

 Еске салсақ, «Электрондық декларациялау орталығы» пилоттық жобасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің базасында құрылған. Уәкілетті орган жобаны таныстырған кезде мынадай негізгі артықшыларды атады:  баға саясаты мен қабылданатын шешімдердің біркелкілігіне әкеп соқтыруы тиіс тауарлардың кедендік құнын бақылау процесін комитет деңгейінде орталықтандыру;   тексеруші мен декларант арасындағы тікелей байланысты, «адами факторды» болдырмау. Өйткені барлық процесс электрон форматқа өтуі тиіс; сыртқы сауда жүктерінің логистикасына арналған шығындарды оңтайландыру. Себебі тауарды декларациялау үшін декларанттың орналасқан жері маңызды емес. Бұл ретте тауарлар кез келген шекара маңындағы терминалдарда орналастырылуы мүмкін.

 

 ҰКП мамандары электрондық декларациялау орталығындағы кедендік ресімдеу мәселелері Ұлттық палата алаңдарында бірнеше рет талқыланғанын атап өтті. Проблема Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қиымл кеңесіне шығарылған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша сыртқы экономикалық қызмет саласындағы бастаманы шектеу мәселелері, соның ішінде электрондық декларациялау және баға ақпаратын қолдану орталығының қызметіне 100-ден астам өтінім келіп түсті.

 

 Кеден брокерлерінің қазақстандық қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, мемлекет тарапынан кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жұмыстарына қарамастан бірқатар мәселе шешілмей келеді. Бұл проблемалар кәсіпкерлердің  сыртқы экономикалық қызметін шектейді. Кеңес мемлекеттік органдарға бірқатар ұсыным жасады. Сондай-ақ, кедендік құнды айқындау кезінде баға ақпаратын қалыптастыру және қолдану, электрондық декларациялау орталығының лауазымды тұлғалары іс-әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз ету бөлігінде нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жалғасын табады.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер