astana-view

Маңғыстау кәсіпкерлері «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына талап жоғары екенін айтады

2022 жылғы 29 Мамыр
- Маңғыстау облысы
14020 просмотров

Бүгін Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында семинар өтті. «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының ұйымдастырушысы «Атамекен» ҚР ҰКП республика бойынша конкурсқа қатысушылар үшін оқыту семинарларын өткізуде.

Маңғыстаудың 40-тан астам кәсіпкері өңірлік кәсіпкерлер палатасына жиналды. Мақсаты – «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» конкурстарына қатысушылардың біліктілік деңгейін арттыру.

Оқыту семинарын өткізу үшін өңірге «Алтын сапа» Президент сыйлығының сапасы саласындағы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары Мадина Мұқатова мен Табиғат Таңатқанов келді. Олар байқауларды өткізу тәртібі және олардың критерийлері бойынша бағалау әдіснамасы туралы айтып берді.

Семинарға қатысушылар ҰКП өкілдеріне толыққанды ақпарат үшін алғыстарын білдірді.

«Біз ешкі сүтінен жасалған өнімдерді және ірімшіктерді өндіруші болып табыламыз. Бүгін кәсіпкерлер палатасына ҚҮТ бойынша семинарға қатысуды ұйғардым. Біз алғаш рет «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша қатысамыз. Әрине, жеңгіміз келеді. Біздің өнім туралы адамдардың көбірек білгенін қалаймыз» ,- деп түсіндірді «Жеті лақ» фермасының жетекшісі Александра Григолова.

Ал «Optimum» жобалау институты» ЖШС БМЖ қызметінің басшысы Гүлсара Жұмағазиева: «ӨКП-на семинарға келгеніме өте қуаныштымын. Керемет семинар өткізді. Біз «Алтын сапаға» үшінші жыл қатысып отырмыз. Бұған өте қуаныштымыз. Екі рет жеңімпаз болдық. «Іскер» марапатын алдық. Біз өз өнімдерімізді өте сапалы және жылдам жасауға тырысамыз» дейді.

«Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары мен «Қазақстанның үздік тауары» конкурсының дипломанттары тиісті конкурстың эмблемасымен марапатталады және оны төрт жыл бойы жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады», – деп атап өтті Мәдина Мұқатова.

«Қазақстанның үздік тауары» байқауы үш номинация бойынша өткізіледі: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Номинациялардың әрқайсысында үш жеңімпаз анықталады.

«Алтын сапа" байқауы: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын» номинациялары бойынша өткізіледі. Сондай-ақ,  байқауда «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтары бекітіледі.

Қатысушылар «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» конкурстарының нормативтік-құқықтық базасымен танысып, барлық сұрақтарға жауап алды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына үміткерлерден өтінімдер қабылдау жүріп жатыр. Толығырақ мына сайттан оқыңыз https://altynsapa.kz/

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер