astana-view

Референдумға шақыру жалғасуда

2022 жылғы 03 Маусым
- Маңғыстау облысы
5126 просмотров

Референдумның маңыздылығын түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Маңғыстау обылысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері аудандардағы іскерлерге және «Олжа» сауда орталығы, Ақ базар, Сақ базар, Көк базар кәсіпкерлеріне сайлаудың мән-мағынасын түсіндірді.

«Қазақстан үшін маңызды процеске қатысуға шақырамыз. Бұл сайлау ел экономикасының дамуына жаңаша бағыт-бағдар әкеледі. Бизнес саласына, кәсіпкерлерге қолдау артады. Сондықтан да маңызды қадам жасауға әрбір қазақстандық үлес қосуы қажет деп санаймын», –дейді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжан.

Екі күнен соң референдум өтеді. Бұл аралықта кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері өңірдегі 3 мыңға жуық іскерге түсіндіру шараларын өткізді.

Бүгін де референдумға қатысудың маңыздылығы бірқатар кәсіпкерлерге толығырақ айтылды. Сонан соң қаладағы сауда орталықтарын аралаған ӨКП өкілдері көпшілікке үгіт парақшасын таратты. Ел үшін жауапты шараға ат салысуға шақырды.

«Конституцияға енетін өзгерістер бізді де бей-жай қалдырмайды. Сондықтан да азаматтық ұстанымымызды танытып, таңдау жасауға тиіспіз. Республикадағы шаралар бізді де айналып өтпейді. Сол үшін ел азаматы ретінде дауысымызды береміз», – дейді іскерлер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер