astana-view

Жамбыл облысының Кәсіпкерлер Палатасы жел энергиясына қатысты ірі жобаны сүйемелдеді

2022 жылғы 10 Маусым
- Жамбыл облысы
7353 просмотров

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы, ҚР – дағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – «Жамбыл облысында жел электр станциясын салу» жобасының іске асуын сүйемелдейді.

Бүгінгі таңда ҚР Энергетика министрлігі, "Самұрық-Қазына" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "TotalEnergies" МК Жамбыл облысында энергия жинақтау жүйесін пайдалана отырып, жалпы қуаты 1 ГВт жел электр станциясын дамытуға, қаржыландыруға, салуға және пайдалануға бағытталған келісім жасасты.

Жамбыл облысындағы Мирный кентінің маңында электр станциясы салынады. Құрылысты кезең-кезеңмен жүргізу жоспарлануда, оны 2024 жылдан 2026 жылға дейін толық аяқтау күтілуде.

Аталған жобаны іске асыру Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, қосымша инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ «жасыл» электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер