astana-view

Елордада СІСА Іскерлік кеңесі мен бизнес форумы өтеді

2022 жылғы 14 Маусым
5204 просмотров

Құрметті кәсіпкерлер!

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы 27 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Іскерлік кеңесі мен VII Бизнес форумына қатысуға шақырады.

Шараға Азияның 27 елінен бизнес және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады. Олар цифрландыру, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі салаларында тәжірибе алмасуға дайын.

Өтетін күні және уақыты: 27 маусым сағат 10:00 – 17:00

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының Bloomberg залы

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес және «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен бірлесе ұйымдастырады.

Форумға қатысушылар: шағын және орта бизнестің және ШОБ дамытуға жауапты мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған АӨСШК Іскерлік кеңесінің мүшелері, АӨСШК кеңістігінің бизнес-қоғамдастығы

Қатысушылар мына тақырыптарды талқылайды:

- АӨСШК мүше мемлекеттердің шағын және орта бизнестегі бизнес процестерді цифрландыру саласындағы ынтымақтастығының перспективалары.

- азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері. 

Тіркелу үшін мына сілтемеге басыңыз: https://bit.ly/cicakz2022.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер