astana-view

Кәсіпкерлер Электрондық декларациялау орталығының жұмысын бағалады – Ұлттық палата

2022 жылғы 04 Шілде
6662 просмотров

«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерден тауарларды электронды кедендік декларациялауға қатысты келіп түскен көптеген шағымнан кейін жасырын сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің басым бөлігі – 78%-ы Электрондық декларациялау орталығының жұмысын қанағаттанарлықсыз деп бағалады. Респонденттердің 14%-ы жауап беруге қиналды, 8%-ы электрондық декларациялау орталығының жұмысына оң баға берді.

Жасырын сауалнамаға 131 респондент қатысты. Олардың бір бөлігін кеден брокерлері (өкілдері) құрады, екінші жартысы өз тауарын дербес декларациялайтын компаниялар болды.

 Сауалнамаға қатысушылар Мемлекеттік кірістер комитетінің тауарлардың негізгі бөлігі – 63-67%-ы «жасыл дәліз» бойынша «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде бір минут ішінде шығарылатынына қатысты мәлімдемесін растамады. Тауарларды шығару көп жағдайда «сары дәліз» бойынша – 55,4%, «қызыл дәліз» бойынша – 23,8%-ы шығарылады, «жасыл дәліз» бойынша – небәрі 15,4%-ы және «көк дәліз» бойынша – 5,4% шығарылады.

«Сары» және «қызыл» дәліздер – мемлекеттік кірістер органдарының құжаттарды қарау ұзақтығымен ерекшеленеді. Бұл жайт кедендік ресімдеу жылдамдығына қатты әсер етеді. «Атамекен» мамандары кеденшілер тексеру жүргізумен электрондық декларациялау принципін жойып жатқанын мәлімдеді. Бұл кедендік ресімдеу уақытына қанағаттану бойынша сауалнама көрсеткіштерімен де расталып отыр: респонденттердің 57%-ының – кедендік рәсімдеу жылдамдығына мүлде көңілі толмайды, 36%-ы – әрқалай болады деген пікірде, 7%-ы көңілі толады.

 Негізгі қорытындының бірі: сауалнама нәтижесі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімделген кеден құнын бақылауда көп жағдайда әкелінетін «тауар мәмілесінің құны бойынша әдіс» (алғашқы әдіс деп аталады) қолданылады деген мәліметін растаған жоқ. Бұл – сыртқы сауданы ынталандыруға арналған анағұрлым оңтайлы түрі.

Нақты жағдай көрсетіп отырғандай, көпшілігі – 54,6%-ы, Электрондық декларациялау орталығымен түзетілген «резервтік» әдіс (алтыншы әдіс) бойынша ресімделеді, бұл бизнес үшін тиімсіз әдіс. Өйткені ол тауарлардың құнын күрт өсіреді. Бірінші әдіс бойынша электрондық декларациялау орталығы мәлімделген кедендік құн бойынша («әкелінетін тауарлармен мәміле құны бойынша» – бірінші әдіс) 15,4% жағдайда жарамды.

Сауалнама деректері бойынша, бизнес Электрондық декларациялау орталығы «кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мөлшерін есептеу формаларын» ұзақ уақыт бойы рәсімдесе бизнес алаңдай бастайды. Бұл процедура бір жағынан  бизнеске тауарын қолдану үшін бақылаудан қалайда ертерек шығаруға, ал екінші жағынан айналымнан қаражатты мерзімінен бұрын шығаратын ақшалай депозит енгізуді еске түсіреді. Респонденттердің 59,2%-ы жағдайда есеп формасы үш немесе одан да көп күнде берілетінін атап өтті,  21,5%-ы екі күн ішінде, тек 19,2%-ы бір күн ішінде берілетінін белгілеген.

Мұнымен қоса көп жағдайда – 52,3% есеп түрі мәлімделген кеден құнын растайтын  құжаттарды қарауға дейін беріледі.  ҰКП мамандары мұндай нәтиже құжатты егжей-тегжей қарамастан ең жоғары төлем аудару және Электрондық декларациялау орталығы жоспарлық көрсеткіштерді қалайда  орындауды қалайтынын білдіреді деп есептейді.

Кедендік рәсімдеу мәселесінде мемлекеттік орган мен бизнес арасындағы «кері» жедел байланысты қамтамасыз ету ерекше маңызды.  Алайда сауалнамада басқаша динамика байқалады. Мәлімделген кедендік құнды түзету қорытындысы бойынша СЭҚ қатысушыларының 52,3%-ы орталыққа сұрағы туындаған осы мақсатта ашылған «Кедендік құн» телеграмм-чатына жүгінеді. Респонденттердің 33,4%-ы ЭДО түзеткенімен келіседі, ал 13,8%-ы уәкілетті мемлекеттік орган – Қаржы министрлігіне шағым түсіреді.

Мұнымен қоса, мемлекеттің кірістер органы тарапынан «Кедендік құн» телеграмм-чаты арқылы жедел кері байланысты қамтамасыз ету деңгейі өте төмен – респонденттердің 61,5%-ы байланыс жоқ деген, 28,5%-ы – жауап беруге қиналды, 10%-ы телеграм-чаттан тез жауап алғанын жазған. Мемлекеттік кірістер органдарының сылбыр әрекетінің тағы бір дәлелі – мәлімделген кеден құнын растау үшін құжаттар өткізуге берілетін өтінім беру мен оларды қарау мерзімі тым ұзақ әрі қисынсыз.

 Респонденттердің 77,7%-ы  құжат өткізу туралы өтінімді орталық бір күн бойы қарайды деп атап өтті. Ал сол құжаттарды орталық 74,6% жағдайда екі күннен аса уақыт қарайды. Көп жағдайда осы процедураға үш немесе одан да көп күн кетеді. Сауалнамаға қатысқандардың 6,9%-ы  ғана өтінім төрт сағат ішінде жолданатынын айтқан. Ал респонденттердің 12,3%-ы құжат бір жұмыс күні ішінде қаралатынын растады.

Сонымен қатар, сауалнама қорытындысы орталық төлем жүргізушінің депозит ретінде салынған ақшасының аударылғаны туралы хабарлау (45,4% – бір ай ішінде) және қамтамасыз ету депозиті ретінде енгізілген ақшаны төлеушіге қайтару мерзімі (40,8% – 30 күн ішінде,  33,1% – 60 күннен астам уақытта және 26,2% – 60 күн ішінде) де ұзақ екенін көрсетті.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар – респонденттердің 93,1%-ы кеден құнын бақылауда мемлекеттік кірістер органдары қолданатын «шартты бағаға» көңілі толмайтынын айтты. Өйткені, Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында жарияланған баға ақпаратына сәйкес емес (90,0%). «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі бизнестің жақсы қолдану деңгейі былайша бағаланды: төмен – 51,5%; орташа – 35,4%; жоғары – небәрі 13,1%.

Кедендік рәсімдердің айқындылық деңгейі де теріс көрсеткіштермен сипатталып отыр: төмен – 74,6%, орташа – 16,9%, жоғары – 8,5%. СЭҚ қызметкерлерінің біліктілік деңгейі өте төмен деп бағаланды: СЭҚ қатысушыларының 65,4%-ы оны төмен, 26,9%-ы орташа және 7,7%-ы жоғары деп санайды. Сауалнамаға қатысушылардың 78,5%-ы кедендік рәсімдеу мәселелері бойынша кері байланысты қамтамасыз ету үшін байланыс деректерін көрсете отырып, Мемлекеттік кірістер органдарының және СЭҚ лауазымды тұлғаларының тізімі еш жерде жарияланбағанын, ал егер жарияланған болса, өзекті емес екенін көрсетті: көрсетілген байланыстар бойынша ешқашан жауап бермейді деп 89,2%-ы белгіледі.

Ұлттық палата мамандары келтірілген статистика алаңдататынын айтты. Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитеті оларға мұқият назар аударып, себептерін талдап, жағдайды түзету үшін жедел шаралар қабылдауы керегін атап өтті. «Атамекен» ҰКП Қазақстанға кедендік әкімшілендіруді түбегейлі жақсарту бойынша жүйелі шаралар қажет екенін мәлімдейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер