astana-view

Техник мамандарға кәсіпкер болу оңай

2022 жылғы 04 Шілде
- Алматы қаласы
5704 просмотров

Satbayev University Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, техник-студенттерге арналған бизнес бойынша жаңа білім беру бағдарламасын іске қосты.

4 шілде күні Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы алаңында «Satbayev University жаңа білім беру бағдарламаларының презентациясы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Satbayev University Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бақыт Жәутіков, Жобаларды басқару институтының директоры Бақытжан Әміралинова, «Менеджмент және математикалық экономика» кафедрасының меңгерушісі Әлия Төрегелдинова, «Логистика» кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Мұханова жаңа жобаларды таныстырды:  

  •  Startup бакалавриат;
  •  Бизнес инжиниринг;
  •  Цифрлық логистика;
  • Тау-кен металлургия саласындағы МВА.

Спикерлер жаңа бағдарламалардың ашылуы білім беру жүйесінің ел экономикасының өнімділігіне және ұзақ мерзімді өсуі, әсіресе бизнес біліктілігі бар түлек мамандардың білім беру сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

 «Жобаларды басқару институты студенттерді кәсіпкерлік қызметке барынша дайындау үшін 4 қызықты білім беру бағдарламасын әзірледі. Барлық бағдарлама жаңа және сұраныстағы мамандықтар атласымен жақсы үйлеседі», – деді  профессор Бақыт Жәутіков.

 Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов сапалы инженерлік мамандарсыз 4.0 өнеркәсіптік революциянының мүмкін еместігін атап өтті.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы кадрларға қажеттілікті анықтау мақсатында кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізді. Алматы қаласы бойынша сауалнамаға қызметкерлер саны 242 487 адам 3641 компания қатысты. 2022 жылға қажеттілік 9 192 адамды, 2023 жылға 7 860 адамды, 2024 жылға – 6 904 адамды құрайды.

Сауалнама нәтижесі бойынша 2022-2024 жылдары өңдеу өнеркәсібі, білім беру және сауда сияқты салалар үлкен қажеттілік барын көрсетті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарында маман дайындаудың инженерлік бағыттарына арналған гранттар санын арттыруды тапсырды. Нарыққа мықты кадрлар қажет. Бұл мәселені шешудің бір жолы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім негізінде жоғары білімі бар маман дайындау. Бұл бағытта Satbayev University-нің тәжірибесі мол», – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.

Спикер сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП Адами капиталға баса назар аударатынын, жұмыс бағыттарының бірі – дуальді оқытуды дамыту екенін атап өтті.

Бүгінде Алматы қаласында 82 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 22 – мемлекеттік, 60 – мемлекеттік емес. Жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес мамандарды даярлау сапасын арттыру, 2021-2022 оқу жылында дуалды оқыту инфрақұрылымын дамыту мақсатында Алматы қаласында жол картасын іске асыру шеңберінде дуалды білім беру жүйесімен 45 колледж және 465 кәсіпорын қамтылған. Осыған байланысты, 7707 үшжақты келісімшарт жасалды.

 Satbayev University жобаларды басқару институтының директоры Бақытжан Әміралинованың айтуынша, егер білім алған студенттер өз кәсіпорындарын іске қосса, онда біздің елімізде мыңдаған жаңа жұмыс орыны ашылады.

«Идеямен жұмыс істеп, бизнеспен айналыс! Техникалық маман дағдылары бар кәсіпкер бол. Бизнес-идеяларыңды іске асыр, алғашқы бизнесмен-студент бол» – бұл біздің талапкерлерге айтатын басты ұранымыз», – дейді «Менеджмент және математикалық экономика» кафедрасының меңгерушісі Әлия Төрегелдинова.

Кәсіпкерлік әлеует шешілмейтін әлеуметтік мәселелерді шешетін жаңа инновацияларды енгізу арқылы жаңа әлеуметтік, саяси және экономикалық өзгерістерді тудырады. Бизнес білім, ең алдымен, бизнес әлеміне, болашақ кәсіпкерлер мен бизнес кеңесшілеріне бағынатын сала ретінде қарастырылады. Осы жағдайларда Satbayev University Жобаларды басқару институты өзінің басты мақсаты ретінде жеке бизнесін, сондай-ақ корпоративтік кәсіпкерлігін ашу және дамыту үшін қажетті арнайы біліктіліктерді, білім мен дағдыларды қамтамасыз етуді көздейді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер