astana-view

Павлодарлық "Атамекенде" "Қазақстанның үздік тауары – 2022" өңірлік байқауына қатысушылардың материалдары мен өнімдері алдын ала қаралды

2022 жылғы 07 Шілде
- Павлодар облысы
4808 просмотров

Павлодар облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында "Қазақстанның үздік тауары-2022" өңірлік көрме – конкурсына қатысушылардың материалдары мен өнімдерін алдын ала бағалау сараптамалық тобының отырысы өтті.

Оған өңірдің 20 үміткер - тауар өндірушілері қатысты.

Олардың ішінен осы беделді байқаудың республикалық кезеңінде Павлодар Ертіс өңірінің атынан 9-ын таңдауға тура келеді.

Сараптама тобының құрамына оның төрағасы, "Атамекен" өңірлік палатасының директоры Серік Сәдуақасов, комиссия төрағасының орынбасары, Павлодар облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология Комитетінің департамент басшысы Айбек Әлібаев, Павлодар облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің бас маманы Әсемгүл Бектұрова, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бөлімінің бас маманы Жәмила Қуанова, санэпидбақылау департаментінің бөлім басшысы Арайлым Зекенова, "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ Павлодар филиалының бөлім бастығы Сәуле Ысқақова және ақпараттық технологиялар колледжінің басшысы Серік Жартыбаев қатысты.

12 шілдеде "Қазақстанның үздік тауары-2022" көрме – байқауының облыстық кезеңі өтеді, оған 50 тауар өндіруші қатысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер