astana-view

Мақсат Қиқымов Кентау трансформатор зауытының жұмысымен танысты

2022 жылғы 05 Тамыз
- Түркістан облысы
10047 просмотров

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Кентау трансформатор зауытының қызметімен танысты.

Кентаудағы зауыт – ТМД-дағы трансформаторлық жабдықтың ең ірі өндірушісі. Қазіргі таңда зауыт толығымен жабдықталған,  жаңа техникалар алынып кәсіпорын 93 пайызға дейін жаңартылған. Жұмыс үш ауысымда жүреді. Кәсіпорында 1252 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. «Кайдзен» басқару жүйесін қолданады. Зауытта екі робот бар. Бірі дәнекерлеуші болса, екіншісі – жинаушы робот. Роботтар жүз адамның жұмысын істей алады. Жапонияның «Yaskawa» және Швейцарияның «Tuboly» компаниясынан алынған роботтарға 1 млрд теңге қаржы жұмсалған. Оның 50%-ын мемлекеттік грант құрайды. Басқарма төрағасының сөзінше, бұл екі робот өз қол астында жұмыс істейтін  инженерлердің арнайы тапсырысымен жасалған. Басқа ешбір елде аналогы жоқ.

«Бұл зауыт – бүгінде Кентау қаласының ғана емес, еліміздің экономикасына да үлес қосып келе жатқан ірі кәсіпорындардың бірі. Жергілікті халықты жұмыс орнымен қамтып қана қоймай, жоғары жалақы ұсынып отыр», - деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков

Зауыттың жанынан 2012 жылы политехникалық колледж ашылған. Ол осы Кентау трансфарматор зауытының (КТЗ) базасында құрылды. 2012 жылы колледждің табалдырығын 107 студент аттаған. Оларды «Техниканы пайдалану, қызмет көрсету және электр және электромеханикалық құрал-жабдықтарды жөндеу», «Электржабдықтар электр станциясы, шағын станция және желі», «Электрожабдық», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша қабылдаған. Он жыл ішінде колледж біраз мамандар даярлап шығарды. Зауытқа қажет мамандарды өздері оқытып, жұмысқа қабылдайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер