astana-view

ҰКП және Құрылыс салушылар қауымдастығы HighVill айналасындағы жасанды дауды доғаруға шақырды

2022 жылғы 08 Тамыз
9934 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы соңғы сот отырысының қорытындысы бойынша құрылыс салушылар мен тұрғын үй құрылысына қарсы шыққан белсенділер арасындағы жасанды жанжалды болдырмау және сотқа қолданыстағы заңнамаға негізделген, сараланған шешім қабылдау құқығын беру қажет деп санайды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты  компанияның жеке меншігіндегі жер учаскесінің егжей-тегжейлі жобалау жоспарын өзгертуде әкімдіктің қателігін тауып, оны бір ай ішінде жоюды тапсырды.

Ұлттық палата және Құрылыс салушылар қауымдастығының:

1. HighVill ТК тұрғындары: Аққалиева Айнұр, Елубаева Диляра, Мұхашбеков Қайрат, Құсанов Ерлан, Шегебаев Бақытбек, Найманова Ксения, Көшімбаева Бақытқұл, Ералина Лаура, Шорина Әсел, Кутербеков Қайрат, Байбахов Қанат, Құсаев Нұрлан, Мұхамеджанова Анар, Ералина Зарина, Жолдыбекова Алдияр, Маханов Марсель, Сейдімбек Салтанат, Рысмағанбетова Ислам, Қожабаев Ерболат, Айтбаева Жанна, Сиренова Жаната, Қожахметова Гүлнұр, Жылқыбаев Ғалымжан, Үмбетова Сәуле, Қасымбекова Камилланың Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне; «Нұр-Сұлтан» қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне; «Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне;

2. «High Vill Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «Highvill Astana H» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне талап-арызына ресми түсіндірмесі:

 Тұрғындар талап-арызда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 510-4772 қаулысының күшін жою, эскиздік жобаның күшін жою, Highvill меншігіндегі учаскенің нысаналы мақсатын өзгерту, құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату туралы нұсқама шығаруды және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны мемлекеттік тізілімнен алып тастауды талап етті. Сот тұрғындар талап-арызының барлық мән-жайларын қарап, оларды толық көлемде қанағаттандырудан бас тартты.

HighVill компаниясы «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 510-1290 қаулысын заңсыз деп тану және күшін жою туралы» өз талап-арызын жолдады. Оның шеңберінде компанияның жеке меншігіндегі жер учаскесін егжей-тегжей жоспарлау жоспарын өзгертуге байланысты сот процесінде әкімдіктің бұзушылықтары анықталды. Атап айтқанда,  2022 жылғы 3 тамыздағы № 7194-22-00-4/1300 жеке ұйғарыммен расталады. Оған сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі анықталған бұзушылықтарға қатысты әрекет ету шараларын қабылдауға және мұндай бұзушылықтарға алдағы уақытта жол бермеуге, сондай-ақ 2022 жылғы 2 қыркүйекте 30 күн ішінде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа есеп беруге міндеттелді.

  Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының мамандары сот HighVill, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Құрылыс салушылар қауымдастығы ұсынған бірқатар маңызды дәйек ескермегенін алға тартты:

1) Әкімдіктің қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлама тәртібін бұзуы туралы;

2) Қоғамдық тыңдаулар хаттамасының жоқтығы туралы;

3) Ауданның әлеуметтік инфрақұрылымы туралы; жол инфрақұрылымына жүктеме туралы; компанияның жеке меншігіндегі учаскеде мектепті орналастыру мүмкіндігі мен қажеттілігі туралы толық анализдің болмауы

4) Әкімдік қабылдаған егжей-тегжей жоспарлау жоспарының негіз қалаушы құжатқа, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласының бас жоспарына толық сәйкес келмейтіні туралы;

5) Үш мемлекеттік мектеп пен бір жеке мектептің болуы туралы;

6) Әкімдік мектеп салу туралы шешім қабылдаған жағдайда да, оның жұмысының негізгі қағидаты «инклюзивтілік»  болуы тиіс екені атап өтілді, онда әрбір адамға физикалық, зияткерлік, әлеуметтік, эмоционалдық, тілдік және басқа да ерекшеліктерге қарамастан, жалпы білім беру мекемелерінде оқуға мүмкіндік беріледі;

7) Компанияның 1200-ден астам қызметкері табыс табу мүмкіндігін жоғалтады.

 HighVill тұрғын үй кешені маңында мектептердің орналасуы:

 Жауап беруші, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тиісті растау құжаттарын ұсынды.

«Атамекен» ҰКП және Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы Конституцияда және ҚР Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жеке меншікке қол сұқпаушылық, бизнестің сенімділігі қағидаттарынан басқа, процесс шеңберінде ұсынылған нақты дәлелдемелерді басшылыққа алды. Сот шешіміне шағымдану мүмкіндігінің болуын, сондай-ақ уәкілетті органдарға жіберілген сауалдарды назарға ала отырып, ҰКП және  Қазақстан құрылыс алушылар қауымдастығы HighVill компаниясының бұзылған құқығын қалпына келтіру мүмкіндігі сақталып отыр деп санайды.

Қазақстан Республикасы дамуының маңызды элементі билік құрылымдары, азаматтар мен бизнес арасындағы қайшылықтарды барынша жою. Ол үшін жекелеген белсенділер мен құрылыс салушылар арасындағы жанжалды жеңілдету қажет. Түсіністіктің болмауы себепті өзінің баспанасын күтіп отырған, апатты үйлерде тұратын одан да көп азамат; жұмыссыз қалған құрылысшылар, бизнесмендердің болашағы зая болады.

  ҰКП және Қауымдастық құрылыс салушылар мен осы құрылысқа қарсы белсенділер арасындағы жасанды жанжалды болдырмау және сотқа қысым көрсетпей, қолданыстағы заңнамаға негізделген шешім қабылдау құқығын беру қажет деп санайды. Сондай-ақ, болашақта қоғамдық талқылауды тек бас жоспарды әзірлеу және бекіту деңгейінде өткізуді көздеу қажет. Бұл ретте, жекелеген жобалардың немесе олардың элементтерінің қайталанатын қоғамдық талқылауларын толығымен алып тастау керек. Егер әлеуметтік инфрақұрылым объектілері тұрғын үйге немесе бизнес-орталықтарға арналған нысаналы мақсатын өзгерткен жағдайда егжей-тегжей жобалау жоспарын өзгертуге толық тыйым салу қажет.

Сондай-ақ, Ұлттық палата мен қауымдастық құрылыс салушыларға пайдалануға берілгеннен кейін бірден мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің құрылысы үшін мемлекеттен өтем алуға мүмкіндік беретін механизмді енгізу, әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымға инвестициялар бойынша МЖӘ-нің жаңа механизмін әзірлеу және бекіту қажет деп санайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер