astana-view

Имантау үлгісінде шағын және орта бизнестің кластерлік өндірісін дамыту қажет - Ұлттық палата

2022 жылғы 09 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
11006 просмотров

«Атамекен» ҰКП өңірлерде бизнесті дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде тәсілдерге өзгерістер енгізуді ұсынды. Бағдарламалар өңірлік ерекшеліктерді де, жаңа өндірістерді іске қосу мүмкіндігін де ескеруі тиіс. ШОБ 2.0 бағдарламасы шеңберінде шағын бизнесті ілгерілету арқылы  тұтас аудандарды дамытуға серпін береді.

Атамекен ҰКП мен СҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысындағы Имантау бизнесінің табысты дамуымен танысты. Шамамен екі жарым мың халқы бар шағын ауыл салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде «гүл өсірудің астанасына» айналды. Бұл қала  бүкіл Айыртау ауданының салық аударымдарының басым бөлігін қамтамасыз етіп жатыр.

«Шамамен 15 жыл бұрын менің қайын атам Ыдырыс Кузахметов петуния гүлін өсіремін деп шешті. Ол осы гүлдерге деген сұраныстың қаншалықты үлкен екенін көру үшін ол алдымен бір отбасына петунияны өсіруді ұсынды. Оларға жағдай жасады, жылыжай салды. Отбасы гүл отырғызды, өсірді және атам  өскен гүлдерді сатып алды. Содан кейін ол басқа отбасына гүл өсіруді ұсынды. Солай дамыды. Енді бірден 150 үй жылыжай бизнесімен айналысады. Онда 500-ден астам ауыл тұрғыны жұмыс істейді. Атам олардың аяғына тұруға мүмкіндік берді, бизнесті ауыл тұрғындарына табыстады да кетіп қалды», –  дейді ауылшаруашылық туризм қауымдастығының өкілі Илнар Галямшин.

Тұқымның негізгі жеткізушілері – Голландия және Америка. Кластерлік даму жылдарында логистика мінсіз жолға қойылған. Тұқым жеткізуде кешіктру жоқ. Бір келі тұқымның құны – бір жарым миллион теңгеге дейін саудаланады. Голландиялық петуниялар Қазақстанның солтүстігінде жақсы өсетінін тәжірибе көрсетті.

Жергілікті тұрғындар қазірдің өзінде тәжірибелі гүл өсірушілерге айналды, олар жапырақтардың шетіндегі өрнек арқылы гүлдердің қандай түсте болатынын анықтайды. Арнайы оқытудан өтпеді – барлығын тәжірибе арқылы меңгеріп алды.  Олар суаруда заманауи технологияларды қолданады, эксперимент жасайды.

«Бұл біртіндеп іске асқан процесс болды. Бірін-бірі үйретті десе болады. Олар жұмыла жұмыс істеді, содан кейін үйде жылыжайларын салып, өздері өсіре бастады. Ауылдастар бір-бірімен бәсекелеспеді. Дегенмен, салауатты бәсекелестік бар. Біреудің гүлдері әдемі, біреудің жылыжайы жақсы деген сынайда алға ұмтылыс сезіледі», – деп түсіндіреді Илнар Галямшин.

Гүл бизнесі бұл өңірде мемлекеттен субсидиялау, грант бөлу сынды қолдауынсыз дамыды десе болады. Заманауи технологиялық жылыжайдың орташа құны бүгінде  млн теңгеге дейін  жетеді. Мемлекеттік қаржылай қолдау үшін өтініш білдіргендер аз. 2019 жылы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша тұрғындардың бірі инновациялық грант алды, қаражатты дәнекерлеу жабдығына – жылыжайлар үшін пештер жасауға грант алды.

 Ильнар Галямшиннің айтуынша, қазір бүкіл ел Имантау петуниялары туралы біледі. Тіпті ең шалғай аймақтардан да осында арзан әрі сапалы гүлдер үшін келеді.

«Өткізу нарықтарын іздеумен айналысудың қажеті жоқ. Барлығы бірінен бірі естиді. Негізінен барлығы қазір сатып алушыларды күтіп жатыр. Өткізудің негізгі көзі – Нұр-Сұлтан, Көкшетау және Петропавл. Егер астананың маңайында, мысалы, бір ғана жылыжай болса, оған ешкім бармайды. Ал Имантауда 150 жылыжай бар, барлығы осында келеді. 2021 жылы Шымкенттен келіп, петуния гүлдерін осында сатып алған. Олар наурызда тұқым отырғызды, бірақ үсік жүріп, қайтадан сатып алуға тура келді», – дейді Ильнар Галямшин.

 Кез келген бизнесте секілді қиындықтар да болды. Пандемияның екі жылы тұрғындар үшін қиынға соқты.

«Әр жылы түрлі жағдай болады. Пандемия кезеңі гүлге сұраныстың төмен екенін көрсетті. 2020 жылы адамдар гүл сата алмады. Мыңдаған, ондаған мың гүл тасталды. Бұл машақаты көп жұмыс. Егер температура төмендесе, қатты жел  тұрса – бәрі өліп кетуі мүмкін», – дейді жергілікті тұрғындар.

Бірақ барлық қиындыққа қарамастан, имантаулықтар басқа кәсіпкерлік нишаларды іздеуді жоспарлап жатқан жоқ. Мұндағы жер мен жылжымайтын мүліктің құны Астанамен бірдей, өйткені мұнда жылыжайдың болуы – табысты бизнестің кепілі.

«Бір үй шаруашылығы бір маусымда жүз мың гүл өсірсе, сонда тіимділігі бар. Құны 45 теңге болғанда – осы көлемге табыс 4 млн теңгеден асады. Үш айлық қарқынды жұмыс нәтижесінде  жергілікті тұрғындар тамақ ішпей, ұйқтамай жұмыс істейтін уақыт – наурыз, сәуір, мамыр. Қалған айларда тек дайындық және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Әр жылыжайда кемінде 3-4 адам жұмыс істейді. Отбасы өз бетінше 50 мың тал өсімдік өсіре алады. Сонымен қатар, егер мұнда сатып алу бағасы 45 теңге болса, қалада мұндай петуниялардың құны бір гүлге 600 теңгеге жетеді», – дейді жергілікті тұрғындар.

Гүл өсірушілердің айтуынша, жалғыз мәселе – жұмыс қолының жетіспеушілігі. Қосымша жұмыс күшіне жергілікті гүл өсірушілер күніне бес мың теңгеден төлеуге дайын. Бұл СҚО ауылдық жерлері үшін өте жақсы баға. Бірақ тұрақты жұмыс үшін біреуді табу әлі де қиын мәселе.

Гүл бизнесінен басқа Имантау ауылы балымен танымал. Жергілікті тұрғындар үшін омарташылық дәстүрлі кәсіп. Балдың негізгі көлемін әуесқой омарташылар шығарады, омарташылардың саны ауылда 50-ге жуық шаруа.

Жергілікті өндіруші Ілияс Омаровтың айтуынша, бал өндірісі бүгінде толық ақталған. Көктемде бір бал ара пакетін сатып алуға 20 мың теңге салған кезде, бал маусымы аяқталғаннан кейін жұмсалған шығындар орташа есеппен бірнеше есе өтеледі. Сонымен қатар, ауылда өнімді сату проблемасы жоқ, әркімнің өз клиенттері бар. Бал көтерме және бөлшек саудамен сатылады.

Айыртау ауданы бюджетінің 16% -ы гүл бизнесіне тиесілі, ал Солтүстік Қазақстандағы шағын кент туралы бүкіл ел біледі. Ешкім қалаға барғысы келмейді: әсем табиғат, тұрақты бизнес, өткізу нарықтарын іздеудің қажеті жоқ.

«Біз мұнда тіпті елордадан келген агротуристерді де алып келеміз. Біз оларға ауылда тұру және жұмыс істеу әлдеқайда тиімді екенін көрсетеміз», – дейді Ильнар Галямшин.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер