astana-view

СТ-KZ сертификатын беру ережесі өзгертілді

2022 жылғы 09 Тамыз
8544 просмотров

«Атамекен» ҰКП ұсыныстары негізінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі 2022 жылғы 5 тамызда тауардың шығу түбі туралы сертификаттарды беру ережесіне өзгерістер енгізді.

Өзгерістерге сәйкес, егер ҰКП жүргізген ішкі аудит қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталса, олар тауардың шығу түбі өлшемдеріне әсер етпесе, СТ-KZ сертификаттарының күші бірден жойылмайды. Өтініш берушілерге бұзушылықтарды жоюға және СТ-KZ сертификатына өзгерістер енгізу үшін уақыт беріледі. Бұл шара бизнеске жүктемені азайтады.

«Ереженің қолданыстағы редакциясында егер сараптама актінде қате кетсе, сертфикат күші жойылатын еді», – деді «Атамекен» ҰКП Тауардың шығу түбін сертификаттау департаментінің сарапшылары.

Өзгерістер шеңберінде өткен жылы қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың СЭҚ ТН жаңа редакциясымен Сауда министрлігінің бұйрығында көрсетілген СЭҚ ТН кодтарын сәйкес келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Бұл шара өнімді оның шығу түбін анықтау кезінде бірегей түрде анықтауға көмектеседі.

Жекелеген түзету отандық өндірушілердің бастамасы бойынша енгізілді.

«Фитингтік платформалардың өндірушілері үшін оларды дайындау ерекшеліктерін ескеретін жеке технологиялық операциялар тіркелді. Трансформатор өндірушілер үшін талаптар өзгертілді, өйткені «трансформатор қақпағы, жақтауы және түбін суықтай қалыптау», «креп-қағаз дайындау», «қағаз оқшаулау сымына орау» сияқты операциялар трансформаторлардың барлық түрлері үшін қарастырылмаған. Мата өндірушілер шығарылатын өнімді өндіру процесінің жақсаруына байланысты өзгерістер енгізді», – деп толықтырды департамент мамандары.  

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында сертификаттар беру жөніндегі халықаралық келісімдер жасалмаған елдер үшін «түпнұсқа» формасындағы тауардың шығу түбі туралы преференциялық емес сертификатты толтыру тәртібі нақтыланды. Енді экспорттаушыларға осы сертификатты алуға өтінімді толтыру оңайырақ болады.

Бұдан басқа, жаңа заңнамалық актілер мен құқық қолдану практикасын қабылдау ескеріле отырып, мынадай өзгерістер енгізілді:

- «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңға сәйкес келтіру мақсатында «жергілікті қамту үлесі» ұғымы «тауардағы елішілік құндылық үлесі» деген ұғымға ауыстырылды;

- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңға ұқсас өтініш беруші ұсынған құжаттардың дұрыс еместігі анықталған жағдайда сертификаттар беруден бас тарту себептері толықтырылды;

- ережелердің екіұшты тоғысуын болдырмау мақсатында «Пайдаланылатын тораптар мен бөлшектер» ұғымдары пайдаланылатын «материалдарға» ауыстырылды.

Ведомствоның бұйрығына сәйкес, тауардың шығу түбі туралы сертификаттарды беру ережесіне өзгерістер оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. Қазіргі уақытта өзгерістер жарияланған жоқ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер