Отандық бизнес бастамасымен ТМД-да Жеңіл өнеркәсіпті стандарттау жөніндегі мемлекетаралық комитет құрылды
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің 61-отырысында ТМД кәсіпкерлері қазақстандық ұйымның жеңіл өнеркәсіп саласындағы стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитетті құру туралы ұсынысын қолдады.
Қазақстанның бизнес-қоғамдастығы саудадағы техникалық кедергілерді жоюға жәрдемдесу, өнім мен көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты тұтынушылардың мүддесін қорғау, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу арқылы мемлекетаралық стандарттау мақсаттарын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
2021 жылы Qaz Textile Industry жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін» стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитетін құруды ұсынды.
2022 жылғы шілдеде Ташкент қаласында Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 61-ші мерейтойлық отырысы өтті. Жиын барысында Еуразиялық стандарттау, метрология және сертификаттау кеңесіне кіретін 10 мемлекеттің үкіметтері Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімге қатысушы мемлекеттер «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін» стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитетін құру туралы шешім қабылдады.
Qaz Textile Industry жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі жаңа статуста: стандарттау құралдары арқылы жеңіл өнеркәсіп саласындағы заманауи және әлеуетті міндеттерді шешуге жәрдемдесу және өнім, жұмыс пен қызметтердің сапасын басқарудың неғұрлым тиімді жүйесін құру бағытында жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Жеңіл өнеркәсіп өнімдері» МТК Хатшылығының жұмысын Гүлмира Уахитова басқаратын болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: