astana-view

Сауда және интеграция министрлігі көтерме-тарату орталықтарын салудан бас тартты

2022 жылғы 24 Тамыз
4671 просмотров

DALA-FRUIT компаниялар тобының иесі Болатбек Нәжметдинұлы көтерме-тарату желілерінің мәселесін отандық кәсіпкерлер кеңесі барысында көтерді.

Сауда және интеграция министрлігі бұл идеяны қаажатты тиімсіз жұмсау деп таныды. Ведомство көтерме-тарату орталықтарын салудың орнына азық-түліктің негізгі түрлерінің болуы мен бағалары бойынша жедел ақпарат жинау үшін барлық желілер, қоймалар және сауда объектілерін біріктіретін ақпараттық жүйені әзірлейді. Бұл азық-түліктің негізгі түрлерін әкету, импорттауға шектеулер енгізу қажеттігі туралы келелі шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

 «Көтерме-тарату орталықтарын салу мәселесіне нүкте қойылды. Үкімет жоба тиімсіз деп атпты. Бұл бізді қуантады, бұл біздің жеңісіміз. Демек біздің сөзімізді естіп, қолдаған кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері мен Үкімет арасында диалог барын көрсетеді. Егер халық тарапынан сын айтылмай, талдау анықтамалары мен кәсіби бағалаулар болмаса, бұл жоба іске асырылып, орталықтар салынып, акейін бос қалып, өз мақсаттарына жетпей, тиімсіз өнім ретінде мемлекетке ауыртпалық түсірер еді», – деді кәсіпкер.

24 тамызда отандық инвесторлар кеңесінің отырысы өтіп, онда агроөнеркәсіп кешенін дамыту, соның ішінде субсидиялау мәселелері, қант саласын дамытудың кешенді жоспары талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер