astana-view

Қауіпсіздікті сақтаудағы жаңа технологиялар

2022 жылғы 26 Тамыз
- Алматы қаласы
5865 просмотров

Қазіргі кезде көптеген өнертапқыштың ақыл-ойы жасанды интеллект негізіндегі цифрлық технологияларды дамыту мәселесіне бағытталған. Басты мақсат – азаматтардың барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті жаңа құралдар жасау. Ақылды техниканы енгізуге мүмкіндік беретін халықаралық стандарттар әзірленуде, қажетті жабдықтың инновациялық өндірісі іске қосылып жатыр. Бұл бағытта отандық әзірлеуші «Med365» компаниясы да әлемдік тенденциялардан тыс қалмай, тынымсыз жұмыс істеп, іздену үстінде.

Күн сайын еліміздің көлік жолдарында қайғылы салдары бар апаттар тіркеледі. Қауіп-қатерге автокөлік иелері ғана емес, қоғамдық көліктердің пайдаланушылары да ұшырайды. Статистика жол-көлік оқиғаларының өсіп келе жатқанын көрсетіп отыр және мамандар көбінесе апаттардың негізгі себептері – жүргізушілердің шамадан тыс жұмыс істеуі, көлікті мас күйінде басқару және көлік құралдарының ақауы дейді. Бұл жағдайлар қоғамдық көлік жүргізушілері міндетті түрде медициналық куәландырудан өтетініне қарамастан тіркелуде. Таңертең кез-келген автобус паркінің медициналық бекетінде медбикенің жүргізушілерді тексеріп, жұмысқа рұқсат беруін күтетін көптеген ұжымды көре аласыз. Қысқа мерзімдер, дәрігерлердің жетіспеушілігі, үстірт тексерудің салдарынан жүргізушілер жоғары қан қысымымен, жедел респираторлық вирустық инфекция белгілерімен, тіпті мас күйлерінен айықпай бағытқа шығады.

Медицина алға қадам басты

Жаңа технологиялардың дамуымен медицинада серпіліс болды. Егер бұрын дене температурасын анықтау үшін біз сынап термометрлерін қолданатын болсақ, қазіргі таңда құрылғылар бірнеше секунд ішінде температураны байланыссыз түрде анықтауға мүмкіндік береді. Пульсті, қан қысымын, тыныс алуды, температураны және адамдардың басқа да көрсеткіштерін үнемі бақылайтын сымсыз білезіктер мен қондырғылар пайда болған ғасырда медицина қызметкерлеріне ақылды құрылғылар көмекке келеді.

Дамыған елдерде – өндірістерде, әуежайларда және жолдарда қауіпсіздік үшін жасанды интеллект жауап береді. АҚШ пен Еуропада «әлемдік деңгейдегі медицина» термині тек жарнамалық белгілер ғана емес, сонымен қатар құжаттарда бекітілген ұғым. Медициналық тексеру үшін қолданылатын құралдар –дәрігерлерге салынатын салмақты азайтып, адами факторларды болдырмайды. Мұндай техника – медициналық тексеру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, деректердің дәлдігін қамтамасыз етеді, нәтижесінде өндіріс нысандары мен көлік жолдарындағы өлім деректері мен апаттылықты азайтады.

Бұл уақытта біздің елімізде не істеліп жатыр

Өкінішке орай, біздің елімізде көптеген компаниялар әлі де ескірген әдістерді қолданады. Технологиялық жаңалықтың маңыздылығын түсінетіндер саны өте шектеулі және көпшілік озық тәжірибені біртіндеп қабылдауда. Біз – ұжымымыздың қалыптасып, жетілуі барысында өз әзірлемелеріміздің болмауы салдырынан әлемдік өндірушілерден қымбат smart жабдықтарды сатып алуға мәжбүр болдық. Өзіміздің, отандық автоматтандырылған цифрлық технологияларды енгізуге деген үлкен ынта – бізді бірігуге және дайын әрі бәсекеге қабілетті өнімді  ұсынуға мүмкіндік берді. Тәжірибе көрсеткендей, әрқашан құнды идеялар шынымен жүзеге асырыла бермейді. Бұл қаржыландырудың жетіспеушілігінен туындайды. Көбінесе жобаға қолдау мен сенім болмаса, кәсіпкерлер тәуекелден қорқып, істі аяғына дейін жеткізбейді. Осылайша, керемет өнімдер тиісті назарсыз қалады. Бүгінгі таңда тиімділікке қол жеткізу үшін, пікірлес адамдардың тобы және өнімді дамытуға талпынатын, идеяны шындыққа айналдыратын идеялық команда қажет деп айтуға болады.

 

«Адам мүддесіне назар аудару-біздің қызметіміздің негізгі идеологиясы. Біз өз ісіне адал адамдар, дұрыс мамандар тобын құра алдық деп сенеміз. Ұзақ жұмыстың нәтижесі бірегей «Med365» қондырғысы болды», - дейді компания директоры

Естеріңізге сала кетейік, отандық өндіруші «Med365» ЖШС «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпазы атанды.

Компания мамандарының айтуынша, бұл келесі мәселерді шешуге мүмкіндік беретін бірегей аппарат:

- Медициналық тексерулер рәсімінен адами факторларды алып тастау арқылы қызметкерлер денсаулығының кенеттен нашарлауы;

- Медициналық тексерулердің өтуін жеделдету есебінен медициналық тексеру сапасы мен денсаулық сақтау орындары қызметінің өткізу қабілеті.

- Медициналық тексеруден өтудің дәстүрлі әдісімен салыстырғанда, бұл көп уақытты жұмсап қана қоймай, кейде өтудің объективтілігіне күмән тудырады, біздің аппарат бір минутта тексеруден өтуге мүмкіндік береді.

«Медициналық тексерулерді цифрландыру арқылы біз қызметкерлер арасында жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша тәуекел топтарын бөліп, денсаулықты қорғаудың тиімді бағдарламаларын әзірлей аламыз, бұл өз кезегінде жұмыс берушінің қызметкердің ауруына байланысты түрлі төлемдерге жұмсайтын шығындарын азайтуға ықпал етеді», - дейді компания директоры

«Med365» аппараты – қызметкерлердің жұмыс ауысымында алкогольдік және есірткілік масаң күйде болу жағдайын, сондай-ақ жұмыс орнында денсаулығының кенеттен нашарлау жағдайларының туындау қаупін болдырмайды.

Ауысым алдындағы куәландыру нәтижелері бойынша қызметкерді шеттетудің әрбір жағдайы – бұл ықтимал жазатайым оқиғалардың алдын алу. Өндірісте жабдықты пайдаланудың бір жылы ішінде қызметкерлердің алкогольдік және есірткілік масаң күйде болуының 5000-нан астам ықтимал жағдайының, сондай-ақ жұмыс орнында денсаулығының кенеттен нашарлау жағдайларының пайда болу қауіптерінің алдын алды.

Перспективалар мен мүмкіндіктер

Бірінші кезекте қондырғыны пайдалану жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Экономикалық әсері де айқын, компаниялар «Med365» қондырғысын қолдану арқылы ақша үнемдейді. Бірақ қондырғыны пайдаланудың басты артықшылығы-автоматтандырылған объективті медициналық тексеру өндірістегі өлім жағдайларын азайтуға мүмкіндік береді, ал мұны ешқандай ақшамен өлшеуге болмайды.

«Med365» компаниясы – елдегі МТАЖ аппараттарын әзірлеуші және жалғыз отандық өндіруші. Қондырғыны ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі жанындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ұлттық орталығы мұқият тексерді.

 Қызмет басталғаннан бері еліміздің ірі өндірістік объектілерінде жүздеген аппараттар орнатылып, сынақтан өткізілді. Тағы да ондаған бизнес субъектілерімен МТАЖ енгізу туралы келіссөздер жүргізілуде.

«Med365» МТАЖ жобасы - бұл медициналық қызмет көрсету саласында инновациялық технологияларды енгізудің жарқын үлгісі.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер