astana-view

Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Келес су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру туралы

2022 жылғы 02 Қыркүйек
16212 просмотров

Жария талқылау мақсатында Түркістан облысының Келес ауданы әкімі аппаратының Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Келес су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру туралы сұрауы жарияланады.

Келес ауданы 2018 жылы қайта құрылған. 83 елді мекенді біріктіретін, 1 ауыл және 11 ауылдық округтен тұратын барлығы 12 әкімшілік бірліктері бар. Орталығы Абай ауылы.

83 елді мекеннің 57 елді мекені ауыз сумен қамтылған, 7 елді мекен экономикалық жағынан тиімсіз болып табылады.

Келес ауданы бойынша 9 елді мекен, 5071 тұрғын үй, 35341 тұрғынды «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК-ның «Оңтүстікауызсу» филиалының «Сарыағаш ТСЖ» мекемесі ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Аудан бойынша 27 елді мекен, 5773 тұрғын үй, 41544 тұрғынды «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК-ның «Оңтүстікауызсу» филиалының «Дарбаза ТСЖ» мекемесі ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Қалған 21 объектінің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, аудан әкімдігінің коммуналдық меншігінде.

Алайда аудан әкімдігіндегі Келес қызмет коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауыз су ақшасын жинай алмағандықтан, ауыз су ұңғымасын күтіп-ұстау қиындықтар туғызуда.

Осыған байланысты 21 объектіні теңгерімге алу туралы «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК-ның «Оңтүстікауызсу» филиалына хат жолданған.

Алайда «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК-ның «Оңтүстікауызсу» филиалының 2022 жылғы 17 тамыздағы №18-17-32-01/238 санды хатына сәйкес Келес ауданының коммуналдық меншігіндегі 21 ауыз су объектісі жергілікті болғандықтан теңгерімге қабылдауға мүмкіндігі жоқ деген жауап хат жолдады.

Осыған байланысты Келес ауданының Біртілек ауылдық округінде: Біртілек, Амангелді, Көлтоған, Жолбасшы, Игілік елді мекендері. Ұшқын ауылдық округінде: Ұшқын, Достық, Қоралас елді мекендері. Жүзімдік ауылдық округінде Жүзімдік елді мекені. Бірлесу ауылдық округінде: Қазақстан, 28-гвардия, Дихан елді мекендері. Бірлік ауылдық округінде: Бірлік, Жаңатіршілік, Үш ағаш елді мекендері. Бозай ауылдық округінде: Бозай, Тентексай елді мекендері. Жамбыл ауылдық округінде: Бекбота, Ащыкөл, Қалғансыр елді мекендері. Ақтөбе ауылдық округінде: Көкбұлақ, Бозсу елді мекендері. Алпамыс ауылдық округінде Ақжол елді мекендерін тиісті ауыз сумен қамтамасыз ету және ауыз су нысандарын күтіп баптау мақсатында Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Келес су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ашу қажеттігі туындауда.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабына, «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысына сәйкес Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Келес су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесі:

1) Суды жинау, өңдеу және тарату (ЭҚЖЖ коды 36000);

2) Сарқынды суларды жинау және өңдеу (ЭҚЖЖ коды 37000).

Сондай-ақ жарғы жобасының 11-тармағына сәйкес мынадай жарғылық қызмет түрлерін жүзеге асыру жоспарлануда:

1) суды жинау, өңдеу және тарату;

2) өзендерден, көлдерден, ұңғымалардан және басқа көздерден су жинау;

3) сумен жабдықтау үшін суды тазарту;

4) өнеркәсіптік және өзге де мақсаттарға суды өңдеу;

5) суды су құбырлары, көлік және өзге де құралдармен тарату;

6) су өтінім есептеу құралдарына техникалық қызмет көрсету;

7) ақаба суларды жинау және өңдеу;

8) кәріздік жүйелер және кәріздік тазалау құрылыстарын пайдалану;

9) бір немесе бірнеше рет пайдаланылған тұрмыстық немесе өнеркәсіптік ақаба суларды, сондай-ақ кәріздік жүйе, коллекторлар, резервуарлар және тасымалдаудың өзге де құралдары (ақаба суларды жинауға арналған көлік құралдары және т.б.) арқылы жауын суын жинау және бұру;

10) қазылған шұңқырлар және септикалық тұндырғылар, ақаба сулардың төгенділері мен құдықтарын тазалау және босату, химиялық зарарсыздандыруымен әжетханаларға қызмет көрсету;

11) кәріздік құбырларды икемді сырықтармен тазалауды қоса алғанда, кәріздік жүйелерін және суағарларды тазалау және техникалық қызмет көрсету;

12) су және сумен жабдықтау саласындағы нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу;

13) коммуналдық-тұрмыстық секторды сумен жабдықтау объектілерін есепке алуды жүргізу және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.

Құрылтайшы – Келес ауданының әкімдігі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер