astana-view

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжаты

2022 жылғы 08 Қыркүйек
4618 просмотров

Құрметті кәсіпкерлер!

Сіздердің назарларыңызға "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатын ұсынамыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша ЖҰЖ шеңберінде "таза парақтан реттеуді" енгізу тапсырылды.
Жолдауды іске асыру үшін 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы әзірленді және қабылданды
№ 95-VII "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы".
Осы Заңмен кәсіпкерлік қызметті реттеу жүйесіне, оның ішінде мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесіне өзгерістер енгізілді. Жаңа реттеушілік саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне бақылау-қадағалау қызметін реттеу мәселелері жөніндегі салалық нормативтік құқықтық актілерді сәйкес келтіру қажет.
Сіз бекітілген қосымшалар бойынша кеңес беру құжатымен таныса аласыз.

Ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді ol.ayazbayev@atameken.kz поштаға 2022 жылғы 16 қыркүйекке дейін жібере аласыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер