astana-view

Павлодарда «Атамекен» палатасының тоғыз жылдығын мерекелеуі өтті.

2022 жылғы 12 Қыркүйек
- Павлодар облысы
7416 просмотров

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығындағы «Кәсіп Talks» форумы жаңа бастаған және тәжірибелі бизнесмендердің басын қосты.

Кездесу модераторы, бизнес-тренер, IPACT жаттықтырушылар халықаралық қауымдастығының мүшесі, Павлодар облысы «Атамекен» ҰКП жанындағы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының» тәлімгері Жәмиля Ерназарова жайлы атмосфера құра білді, соның арқасында форумға келгендердің барлығы өздері туралы, бизнес ашуға деген ұмтылысы, кәсіпкерлік тәжірибесі туралы айтып берді.

Бейресми TedX форматында Ж.Ерназарованың өзі де нетворкинг - жарнаманың тиімді құралы тақырыбына әңгімелеп берді.

PhD докторы, «Accent» дүкендер желісінің негізін қалаушы, «Бизнес-интенсив х2» жобасының ұйымдастырушысы Дихан Аманжолов кәсіпкердің жеке тиімділігін арттыру туралы айтты.

«Ой құдіреті» бағдарламасының авторы, танымал бизнес-кеңесші Александр Гаглоев «Ой құдіреті» деген ерекше тақырыппен сөйледі.

Ал Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшесі, «Кәусар» ЖК басшысы Айдар Құрымбаев кәсіп ашудағы тәжірибесін еске алды.

«Кәсіп Talks» форумы тың үндер, қызықты пікірлер естілетін нағыз мерекеге айналды, және де, әр қатысушы үшін жай ғана танысуға мүмкіндік туды.

«Менің атым Каир, мен медициналық қызметпен айналысамын, мамандығым бойынша дәрігермін. Бірақ жоспарда дәріхана ашу бар, тіпті екеу де болуы мүмкін», - деді кездесу қонақтарының бірі.

«Менің атым Татьяна, мен жас интерьер дизайнерімін, басқарушылық қызметімді тастадым, тұрақты табысым бар және шығармашылықпен айналысқым келеді. Мен әрқашан осыған тартылдым. Қазір жүнмен сурет салумен айналысамын. Бұл кескіндеме, бірақ бояулар мен қылқаламды қолданбаймыз - тек жүн және өз қолдарыңызбен жасалатын жұмыс, тура және бейнелі түрде қолдан жасалған дүние. Мен жүнмен сурет саламын және осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлықтарыңызды шеберлік сабағына шақырамын », - деді тағы бір қатысушы.

«Менің атым Гүлназ, мен студентпін, SMM-де жұмыс істегеніме үш жыл болды, өзімнің жеке бутикім бар. Мен мұнда өзіме жаңа ақпарат алу үшін келдім », - деп мойындады.

«Менің атым Анастасия, мен екі жаңа жобаны бастадым. Біреуі сәтті, екіншісі ондай емес, сондықтан мен сіздерге жаңа білім алу үшін келдім», - дейді тағы бір жас кәсіпкер.

Мереке кәсіпкерлік мәселелеріне назар аударуға, жаңадан бастаған мен жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер арасында диалог орнату үшін алаң құруға, тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға мүмкіндік берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер