Ақпараттандыру саласындағы бизнеске талаптың 33,4%-ы базалық шарттарға сәйкес емес – Ұлттық палата
«Атамекен» ҚР ҰКП сарапшылары Ұлттық экономика және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп кәсіпкерлерге қатысты қайталанатын нормаларды анықтады.
«Электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған дербес деректерді сақтау», «меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға дербес деректерді қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдауға міндетті». Бұл нормалар «Ақпараттандыру туралы» заңынан алынып тасталады. Өйткені бұл нормалар «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР заңында жазылған.
«Жылдан жылға көптеген нормативтік-құқықтық акті шығарылады. Онда бизнеске қатысты қайталанатын, қисынсыз келетін, кейбір жағдайларда бір-біріне қайшы келетін талаптар болуы мүмкін. Бірақ, бұл жағдайда бұл белгілі бір мемлекеттік органның кінәсі деу қиын. Өйткені НҚА шешімдер қабылдаудың әртүрлі иерархияларына ие болғандықтан немесе бірнеше саланың тоғысында қабылдануы болуы мүмкін. Осыған байланысты, «таза парақтан» реттеу сияқты механизм бізге мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ өз кандидатураларын ұсынған сарапшылармен бірлесіп, нормаларды қайта қарауға/алып тастауға ұсынылатын кемшіліктерді анықтау рәсімін бастауға мүмкіндік берді», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Әлия Есмұханова.
Сондай-ақ, нормативтік актілердің қалыптастырылған тізбесі бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілетін жұмыс шеңберінде бірқатар ескірген және қайталанатын актілер анықталды. Осылайша, «Байланыс туралы» ҚР заңының 35-бабында бекітілген байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштері «Байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштерін бекіту туралы» ЦДИАӨМ бұйрығымен сөзбе-сөз қайталанады. Жұмыс қорытындысы бойынша осы норманы негізгі етіп қалдыру, ал қалған жерлерде сілтеме ретінде көрсету бойынша шешім қабылданды.
«Байланыс қызметтерін көрсету бөлігінде операторлар тарифтік жоспарларды өзгерту және жою кезінде абоненттерге баламалы тарифтік жоспарларды ұсынатын болады», – ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитеті басқармасының басшысы Айнұр Бейсенбаева.
«Атамекен» ҰКП тарапынан «таза парақтан» реттеу реформасын іске асыру шеңберінде қолданыстағы реттеуді түбегейлі қайта қарау бойынша толық ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Еске салсақ, 2023 жылдың қаңтар айынан бастап, егер талап тізілімге енгізілмеген болса, онда ол бойынша мемлекеттік орган бизнес өкілдерін тексеріп, жазалай алмайды. Бес пилоттық саланың ішінен ақпараттандыру және байланыс саласында талдау аяқталды. Жұмыс барысында 58 нормативтік-құқықтық актіге талдау жасалды және 821 талап анықталды, оның ішінде 275 талап (33,4%) – базалық шарттарға сәйкес келмейді. Мәселен, қайталанатын нормаларды қамтитын 200-ден астам норма анықталды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: