astana-view

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы мамандарды шетелде машықтандыру бағдарламасын іске қосады

2014 жылғы 13 Мамыр
8738 просмотров

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту департаментінің (бұдан әрі – Департамент) бастамасымен шетелде, АҚШ, Германия, Корея және басқа да елдердің жетекші кәсіпорындарында Қазақстан кәсіпорындарының қатысушы мамандары үшін машықтандыру бағдарламаларын дайындау қолға алынды.

Бұл жоба «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен (бұдан әрі – Орталық) бірлесіп жүзеге асырылуда.

Қазіргі кезде Департамент Орталықпен бірлесіп, экономиканың басым салалары: энергетика, құрылыс, БАҚ саласы, медицина, ауыл шаруашылығы және т.б. бойынша машықтандыру бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Машықтандырудан өтуге үміткерлерге талаптар:

  • Жалпы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы қажет, соның ішінде 12 (он екі) ай инженерлік-техникалық қызметкер және кәсіпорынды басқарудың орта буынды маманы (инженерлер, цех басшылары, шеберлер) ретінде;
  • Маман/бакалавр дипломындағы орташа балы есепке алынбайды.

1-қадам. ҚҰЖАТТАРДЫ ЖИНАУ:

  1. сауалнама;
  2. өтініш-негіздеме;
  3. жұмыс орнын сақтау шартымен жұмыс берушіден мамандар даярлауға тапсырыс;
  4. жеке куәлік пен паспортының түпнұсқалары және көшірмелері (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
  5. бакалавр немесе маман дипломының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  6. 0-82/у медициналық анықтамасы;
  7. еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  8. мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар тағылымдамадан өту кезеңін, мамандығын және құнын (есептері ашып жазылған) көрсете отырып, тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның шартсыз шақыруын (қаржылық шарттар мен шет тілін талап етілетін деңгейге дейін арттыру шартын қоспағанда) растайтын құжаттар;
  9. талаптарға сәйкес құрылған қабылдаушы және жіберуші тараптар бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасы;
  10. бар болған жағдайда, шет тілі бойынша емтихан тапсыру туралы нақты ресми сертификаттың көшірмесі;
  11. бар болған жағдайда, мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы нақты ресми сертификаттың көшірмесі.

2-қадам. КОНКУРС

I айналым. Шет тілінен емтихан

Шет тілі емтиханынан ресми куәлігі болмаған жағдайда, үміткер шет тілінен емтиханға жіберіледі.

Өту балына талаптар:

IELTS: 9.0-ден 4.0

TOEFL: ITP/PBT — 677-ден 397

IBT — 120-дан 31

II айналым. Мемлекеттік тілден емтихан — Қазтест

Мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы ресми сертификат болмаған жағдайда, үміткер қазтестке жіберіледі.

III айналым. Үміткердің шет елде тұру және шет елде оқу психологиясын тестілеу – Психотест

Тест нәтижесі – Ұсынылды/Ұсынылмайды

IV айналым. Тәуелсіз сараптама комиссиясымен сұхбат (ТСК)

Сұхбат барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы, Қазақстан тарихы туралы, мемлекеттік рәміздер туралы, мамандық таңдауды ұғыну туралы және үміткердің кәсіби дайындығы тексеріледі.

V айналым. Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі комиссия отырысы

Республикалық комиссия үміткерлер конкурсының барлық турларының нәтижесі негізінде «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы соңғы шешім шығарады.

Сонымен қатар, Республикалық комиссияның шешімінде «Болашақ» стипендиясы есебінен шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың талаптарына сәйкес үзіліссіз тілдік курстан өту қажеттігі көрсетіледі.

3-қадам. ШАРТ ЖАСАУ ПРОЦЕДУРАСЫ

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімінен кейін стипендиат, не оның сенім білдірілген адамы стипендия тағайындалған күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Әкімгер) құқықтық қамтамасыз ету бөліміне (102-каб.) хабарласып, жұмыс берушімен және Әкімгермен оқуды ұйымдастыру туралы үш жақты шарт, сондай-ақ жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасауы қажет.

Шартты мерзімінде жасамаған жағдайда, стипендиат «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерінің мәртебесінен айырылады.

Шарт жасау рәсімі бойынша нақты ақпаратты Шарттар бөлімінен қараңыз.

4-қадам. Оқуды ұйымдастыру және мониторинг

Шартты жасаған соң 10 күн ішінде тиісті оқу еліне байланысты, Сіз оқуыңыздың барлық кезеңінде бірлесе жұмыс істейтін және Сіздің кураторыңыз белгіленгеннен кейін Тағылымдамалар бөліміне (101-кабинет) жолығуыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар, Шарт жасасқаннан кейін Сізге төлем карточкаларын ресімдеу үшін Қоғамның оқуды қаржыландыру бөліміне хабарласу қажет. Карточканы ресімдеумен оқуға шығар алдында 1–1,5 ай бұрын айналысу қажет.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (7172) 919 343, +7 707 203 34 02, e-mail: i.regil@palata.kz, байланысушы тұлға – Региль И.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер