astana-view

Қарақия кәсіптік колледжі талапкерлерді қабылдауды жоспарлап отыр 

2022 жылғы 21 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
9524 просмотров

Қарақия кәсіптік колледжі 2023-2024 оқу жылында «Тері және тон бұйымдарын өндіру  технологиясы» мамандығы бойынша талапкерлерді қабылдамақ. 

Бұл туралы Қарақия кәсіптік колледжінде жапондық «Jisa» компаниясының делегаттарымен, «Атамекен» ҰКП, Jiсa OVOP Қырғызстан жобасының кеңесшісімен «Бір ауыл, бір өнім» республикалық жобасы бойынша өткен кездесуде айтылды.

«Бір ауыл-бір өнім» республикалық жобасы Қазақстан бойынша төрт облыстың төрт ауылын қамтиды. Маңғыстау облысы бойынша Қарақия ауданының Құрық ауылындағы Қарақия кәсіптік колледжі. Аталған жобаның мақсаты — төрт түлік малдың жүн-терісін өңдеп, әлемдік деңгейде таныту.

Кездесу барысында колледждің табиғи жүннен бұйымдар шығару, «Карвинг» стилінде дастархан жасау, дайын дизайнерлік трикотаж бұйымдарын жасаудағы мүмкіндіктерін көрсетті,  шеберлік сыныптар өткізілді.

Форумның жұмыс тобы Қарақия кәсіптік колледжінің жұмыс барысымен, заманауи тері-тон бұйымдарын өңдеу технологиясымен танысты. 

Сондай-ақ,  жапондық «Jisa» компаниясы тері өндеу бойынша заманауи құрал-жабдықтарды колледжге демеушілік есебінен алып беру жолдарын қарастыруда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер