astana-view

МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ӨНІМДЕР ШЕТЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛМАҚ

2022 жылғы 22 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
8538 просмотров

Маңғыстау облысындағы «Жеті лақ» және «Bai balyk» кәсіпорындары тауарларын Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей сынды басқа да елдерге шығаруға  дайындап жатыр. Олар ірімшік пен балық өнімдері. Аталған кәсіпорындар кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған білім беру жобасы аясында ашылған. Қос кәсіпкер де "Бастау бизнес" курсын оқып, осы күнге дейін "Атамекен" ҰКП қолдау көріп отыр. Мұнаннан басқа мұнай компанияларының қолдауына ие.
«Тек қана бизнеске арналған білім ғана емес, маркетингтік, стратегиялық оқулар, коммуникация жағынан үйлестіруді біздің бағдарлама ұйымдастырып отырады.Соған қоса консалтингтік гранттарды беріп отырамыз. Егер бағдарламаға қатысқандарда сұраныс болса, 10 мың евроға дейін бүкіл консалтингтің 75% құрастыратын гранттарды біздің бағдарлама арқылы алуға болады. Бағдарламамыз тек қана Батыс өңірлеріне арналған»,- дейді «Шелл» компаниясының әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі Жұлдыз Ғалиақпар.  


Өнімдері экспортталатын екі кәсіпорынның бірі- өңірдегі жалғыз ешкі шаруашылығы. «Жеті лақ» шаруа қожалығы ешкі сүтінен өндірілетін таза табиғи өнімдерімен танымал. Алғашында 60 бас ешкісі бар шаруашылық қазір ешкі сүтінен ірімшіктер мен ашыған сүт өнімдерін өндіретін шағын зауытқа айналды.  Тауарын шет елге шығаруды жоспарлап отырған екінші кәсіпорын- балық шаруашылығы. «Bai balyk» серіктестігі жаңа ауланған бекіре, албырт, бақтақ және майшабақты қақтайды. Бұл отбасылық кәсіп. Қазір  айына үш тоннаға дейін балық өнімдерін өндіреді. Алдағы уақытта айына 30-40 тонна көрсеткішіне қол жеткізуді көздеп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер