astana-view

Бизнес «шағымға» салынатын төлемге қарсы – Ұлттық палата

2022 жылғы 26 Қыркүйек
6931 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізу ниеті экономикалық бостандықтарды тікелей бұзу деп санайды. Бұл заң мемлекеттік сатып алу порталындағы тапсырыс берушіге шағым төлемін енгізеді. «Атамекен» мамандары  бұл жаңашылдық ірі компаниялардың мүддесін қолдауға, сыбайлас жемқорлық салдарының өсуіне алып келуі мүмкін деп санайды.

ҰКП-да аккредиттелген құрылыс одақтары мен қауымдастықтардың өкілдері әлеуетті жеткізушінің тапсырыс берушіге немесе бәсекелеске шағым жасағанына төлем енгізу –  уәкілетті органның жұмыс көлемін қысқартудың және өз бюджетін ұлғайтудың қарапайым тәсілі деп санайды. Ұлттық палата салалық комитетінің басшысы Ирина Манжанова, уәкілетті органның кәсіпкерлердің қаржылық есеп түрінде жауапкершілігін олардың иығына ауыстыра отырып, қаралатын шағымдарының санын қысқартуға деген ұмтылысы – отандық экономикалық жүйенің дәрменсіздігінің белгісі деген пікірде.

 «Тапсырыс беруші тарапынан әрекетсіздігіне шағымдану мүмкіндігі үшін төлемді енгізу –экономикалық бостандықтарды тікелей бұзу. Шағым –  белгілі бір бұзушылықтарды (заң, біреудің құқығы және т.б.) зерттеу туралы өтініш. Шағымдану құқығы төленбейді, өйткені Конституциялық мәлімдемелердің беріктігіне қатысты сұрақ туындайды. Бұл демократиялық экономика негіздері мен еркін нарықтық қатынастардан жаппай алшақтаудың тікелей айғақтайды», – деп мәлімдеді «Атамекен» ҰКП Құрылыс және ТКШ комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ирина Манжанова.

Тиімділігі жағынан уәкілетті органның өкілдері сендіруге тырысатын бастама – мемлекеттік сатып алу порталындағы шағымдар санын реттеудің тым экстремалды әдісі және жосықсыз бәсекелестік құралы ретінде қарастырылуы мүмкін, деп мәлімдейді ҰКП.

«Әр компания әрбір шағым үшін төлей алмайды. Дегенмен тапсырыс берушіге шағымдардың объективті себептері көп. Жоғарыда келтірілген құрғақ статистика тікелей дәлел: негізсіз шағымдардың шындыққа қатынасы шамамен 50/50 құрайды. Бұл әрбір екінші шағым негізді және оны уәкілетті орган қарауы керек дегенді білдіреді. Бұл ретте, орта есеппен, шағын және орта бизнес компаниялары бір объект бойынша үштен 10-ға дейін шағым жаза алады. Демек, бизнес қай шағым негізсіз және қайсысы шешілмейтінін шешуі керек. Теріс тұсы – мердігерді депривациялау аясында тапсырыс берушінің әрекетсіздігінің арту тәуекелі жоғары», – деп атап өтті «Қазақстан құрылысшылар одағы» Алматы облысы бойынша филиалының директоры Баниямин Файзуллин.

 «Қарағанды облысының құрылыс салушылар қауымдастығының»  басшысы Төлеген Әшімов атап өткендей, үлкен ресурстары бар компаниялар орта немесе шағын кәсіпорындарға қарағанда, Тапсырыс беруші алдында өз құқығын қорғап, көп шағым түсіре алады.

«Бұл қарапайым нарықтық қатынастарға тікелей әсер етеді және құрылыс нарығындағы бәсекелестіктің тазалығына күмән келтіреді. Ірі компаниялардың мүддесін қолдауға әкелуі мүмкін. Шағым үшін төлемді енгізу әдісі белгілі бір адамдар тобының шағымды қараудың белгілі бір нәтижелеріне қызығушылығын білдіреді. Бұл жайт сыбайлас жемқорлық пен бюрократиялық құрамдас бөліктің өсуіне әкелуі мүмкін», – деді Төлеген Әшімов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің деректері бойынша ішкі мемлекеттік аудит органдары мамандарының шағымдарды өздері ұйымдастырған, содан кейін олар бойынша тексерулер жүргізген фактілері анықталды. Өткен жылы бір ғана қазақстандық компания осындай шағымдардың бір жарым мыңнан астамын берген, олардың 900-ге жуығы қанағаттандырылды, бірақ басқалары, нақты өтініштер еленбеді.

Мемлекеттік сатып алу порталын пайдалану үшін әлеуетті мердігерлер тиісті қызметтер үшін жыл сайын төлем жүргізеді, оның пакетіне Тапсырыс берушімен кері байланыс, оның ішінде Тапсырыс берушінің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне, мердігердің құқығының бұзылуына және т.б. шағымдану мүмкіндігі кіреді. Құрылысшылардың пікірінше, бұл порталдың өкілеттіктерін асыра пайдалану.

Ықтимал балама ретінде «Атамекен» әлеуетті өнім берушілерге сот дәлелдеген Тапсырыс берушіге немесе бәсекелеске шағым беру негізсіз болған жағдайда жоғары айыппұл санкцияларын енгізуді ұсынады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер