astana-view

Ақтөбе облысында «Атамекен» ҰКП съезіне делегаттар сайланды

2022 жылғы 26 Қыркүйек
- Ақтөбе облысы
5621 просмотров

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында Күлпаршин Айдарханованың төрағалығымен Өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті.
Өңірлік кеңестің күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Ең негізгілерінің бірі – осы жылдың 4 қарашасында өтетін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алдағы Х съезіне делегаттарды сайлау.
Ақтөбе облысынан 13 делегат қатысады, Өңірлік кеңес қатарынан тағы үшеуі резервтік құрамға ұсынылды.


Ұсыну дауыс беру арқылы өтті. Белсенді кәсіпкерлер, Өңірлік кеңес жанындағы комитеттердің өкілдеріне артықшылық берілді.
Бұдан бұрын Өңірлік кеңес мүшелері алдағы Съездің күн тәртібімен таныстырылды.


«Биыл өткен барлық кездесуіміз негізінен ҰКП-ны реформалау және трансформациялау мәселелеріне арналды. Бизнес үшін бұл алаңды сақтап қалу маңызды. Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері бізге негізсіз салықтан құтылуға көмектесті. Мұндай мысалдар әрқайсымызда аз емес. Алайда, біз өзара іс-қимылдың жаңа әдістері мен тетіктері, бүгінде «Атамекен» жұмыс жүргізіп жатқан процестерді неғұрлым ауқымды цифрландыру қажет екенін түсінеміз. Мен Съезд жұмысына қатысуға және ҰКП реформаларына атсалысуға дайынмын», - деді Өңірлік кеңестің сауда комитетінің мүшесі, «Fora Trade» ЖШС құрылтайшысы Сергей Трубин.


Айта кету керек, Сергей Трубин Ақтөбе облысындағы 22 кәсіпкердің қатарында, Кәсіпкерлер күні мен ҰКП-ның 9 жылдығы құрметіне «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың Құрмет грамотасымен марапатталды.
Тізімде әртүрлі қызмет салаларының өкілдері бар. Оларды бизнес мәселелерін шешудегі белсенді ұстаным, жоғары әлеуметтік жауапкершілік біріктіреді.


Мысалы, «ЗапКазЯрмарка» ЖШС директоры Александр Лапшин Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде 500 мың теңгеге гуманитарлық көмек берді, өз кезегінде «ЗапКазЯрмарка» СҮ кәсіпкерлері мен жалға алушылары шамамен 400 мың теңге аударды.
Сондай-ақ, тағы бір әлеуметтік белсенді жас кәсіпкер, Өңірлік кеңестің Өнеркәсіп комитетінің мүшесі, «Dulat» шатыр орталығының басшысы Азамат Саймов Құрмет грамотасымен марапатталды.


Компания өндіріс нарығында 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. 4000 тоннаға жуық болат табақ өңдейді. Жыл сайын қаланың және жалпы облыстың 3000 тұрғынының шатыр материалдарына қажеттіліктерін қанағаттандырады.

«Атамекен» ҰКП-ны білмейтін кәсіпкерлер жоқ шығар. Әрбір өңірде өкілдік ету және қадамдық қолжетімділікте болу құқықтық сала шеңберінде кез келген мәселелерді жедел шешуге, кеңес алуға көмектеседі. Кәсіпкерлер форумы барысында ҰКП қызметі өңірлерге баса назар аударылып, салалық тәсіл қолданылатыны туралы ақпарат айтылды. Бүгінде көпшілікті тауарларды өткізу, қолдау, ұзақ мерзімді келісімшарттар мәселелері қызықтырады. Отандық өндіруші үшін сату тізбегін құру маңызды. Біздің компания биыл алғаш рет «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысып, жеңімпаздар қатарына енді. Қазанның басында біздің өнімдеріміз республикалық кезеңде ұсынылады. Осындай сапалы байқауларды ұйымдастыра отырып, Ұлттық палата кең тұтыну шеңберіне шығуға және өзін өңірлік кәсіпорындарға танытуға мүмкіндік береді», – деп бөлісті кәсіпкер Азамат Саймов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер