astana-view

Бизнесті қорғау экожүйесі: Ақтөбе кәсіпкерлеріне бизнесті қылмыстық қудалау шараларынан азайту туралы айтылды

2022 жылғы 27 Қыркүйек
- Ақтөбе облысы
5445 просмотров

Облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының басшысы Асланбек Сәбитов баяндама жасады. Ол ҚР Бас прокуратурасында әзірленген қылмыстық қудалау органдарының заңсыз іс-әрекеттері мен шешімдерінің жедел жолын кесу жөніндегі қосымша шаралар туралы Ақтөбе облысының Өңірлік кеңесінің мүшелеріне хабарлады.


Бұдан былай қылмыстық қудалау органдары Бас прокурордың кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеу тәртібін регламенттейтін нұсқаулығын ұстануға міндетті. Атап айтқанда, азаматтық-құқықтық сипаттағы өтініштер мен хабарламаларды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркеуге тыйым салынады.


«Тексеру, ревизия немесе аудит актілеріне шағым жасау мерзімдерінің қолданылу кезеңінде кәсіпкерлік субъектісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеуге тыйым салу қағидатты жаңа талап болып табылады. Кәсіпкердің қаражатты үнемдеу нәтижесінде пайда табуына байланысты фактілерді тергеуге тыйым салынады, егер бұл орындалған жұмыстың сапасына теріс әсер етпесе. Бұл бірінші кезекте мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік компаниялардың тендерлері бойынша жұмыстарға қатысты», —  деді Асланбек Сәбитов.

Қылмыстық қудалау органдары тергеуді бастау үшін негіз ретінде штаттық криминалист мамандардың ресми қорытындыларын пайдаланбауға тиіс. Келтірілген залал туралы мәліметтер қылмыстық қудалау органдарына тәуелді емес мемлекеттік органдар мамандарының қорытындыларымен негізделуге тиіс. Қорытындыда растайтын құжаттарға негізделген және заң нормаларының нақты бұзылуын көрсететін нақты және объективті деректер болуға тиіс.

Прокурорларға бір тәулік мерзімде әрбір қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуының заңдылығын тексеру және осы кезеңде бұзушылықтар анықталған кезде қылмыстық қудалауды дереу тоқтату тапсырылды. Бұдан басқа, прокурорлар бизнес субъектісіне қатысты жасырын тергеу әрекеттеріне бастамашылық жасаудың және оларды жүргізудің, сондай-ақ мүлікке билік етуге уақытша шектеулер қоюдың негізділігін тұрақты негізде тексеруге міндетті.
Бұзушылықтар анықталған жағдайда прокурорлар заңсыз шешімдердің күшін жоюға және кінәлі лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы, тіпті қылмыстық жауапкершілікке дейін мәселе қоюға міндетті.

Түсіндіру барысында прокуратура өкілі кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Бұл түсіндіру жұмысын кәсіпкерлер палатасы прокуратура органдарымен бірлесіп «Атамекен» ҚР ҰКП бизнесті қорғаудың экожүйесін қалыптастыру жөніндегі жобасын іске асыру шеңберінде жүргізуде.


«Топ аясында қылмыстық, сот тәжірибесі мен статистиканы зерттеу негізінде мемлекеттік органдардың бизнеске араласуына, бақылау-қадағалау саласындағы тәжірибеге, сондай-ақ кәсіпкерлер палатасы мен прокуратураға келіп түсетін өтініштерге талдау жүргізетін боламыз», — деп толықтырды Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Руслан Күйшінов.

Ведомствоаралық жұмыс тобы өкілдерінің байланыс телефон нөмірлері: +7 (7132), 901-451, 901-427 (Ақтөбе облысының прокуратурасы); +7 (7132) 744-602, 744-606, 744-608 (Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер Палатасы).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер