astana-view

Жаңа реттеуші саясат аясында жергілікті атқарушы органдардың бизнеске қатысты талаптарын қайта қарау ұсынылды

2022 жылғы 27 Қыркүйек
6543 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік жүктемені азайту және реттеу механимзін «таза парақтан» енгізу жөніндегі жұмыс барысы туралы Үкімет отырысында айтты.

 Райымбек Баталов 2021 жылғы желтоқсанда қабылданған жаңа реттеу саясаты мәселелері жөніндегі заң шеңберінде «кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімі» құралы және заңдарда тікелей көзделген жағдайларда ғана бизнестің есеп беруі туралы талап заңнамалық түрде бекітілгенін атап өтті. Жаңа есептілік енгізілген кезде аталған тізілімге толықтыру енгізіледі.

 Бұдан басқа «Атамекен» ҰКП «таза парақтан» реттеу реформасы аясында бизнес-омбудсмен кеңсесі және ҰЭМ-мен бірлесіп, міндетті талаптар тізілімін жүргізу ережелері мен тәртібінің жобасын дайындады. Қазіргі кезде 1 кезең аясында 16 саланың 9-ында талдау аяқталды. Атап айтқанда:

 - көлік,

- сауда,

- қоғамдық тамақтану,

- қонақ үйлерге орналастыру,

- жылжымайтын мүлікпен операциялар,

- кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу,

- компьютерлік бағдарламалау,

- тұтынушылардың құқығын қорғау, ақпарат және байланысты қорғау.

Талдау қорытындысы бойынша 9 салада шамамен 28 мың талап анықталды, оның 3,8 мыңы немесе 13,6%-ы жаңа реттеушілік саясаттың базалық шарттарына сәйкес келмейді. Бұл талаптардың күші жойылады немесе қайта қаралады. 2023 жылдың соңына дейін кәсіпкерлік қызметтің басқа салалары бойынша да осындай жұмыстар жүргізіледі.

 «Талаптарды қайта қарау бойынша жұмыс аясына мемлекеттік органдардың көмегіне 100-ден астам салалық сарапшы, бизнес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері тартылғанын атап өткім келеді. Біз мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері үшін оқу семинарларын өткіземіз. Бизнеске қойылатын талаптарды түгендеу кезінде жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін НҚА-ны қайта қарау талап етілетінін атап өткім келеді, олар да тізілімде болуы тиіс», – деді Райымбек Баталов.

Осыған байланысты, шағын және орта бизнеске реттеушілік жүктемені азайту жөніндегі міндет шеңберінде «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға қойылатын талаптарды қайта қарау бойынша оң тәжірибені қолдану және осы жұмысты келесі жылдан бастауды ұсынды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер