astana-view

Ақтөбе облысының Өңірлік кеңесі ҰКП Съезі қарсаңында бизнестің проблемалық мәселелеріне ревизия жүргізді

2022 жылғы 18 Қазан
- Ақтөбе облысы
5572 просмотров

Ақтөбелік кәсіпкерлер жұмыс күшінің тапшылығы туралы әр түрлі трибуналардан бірнеше рет айтқан. Бұл мәселені Өңірлік кеңес мүшелері "Атамекен" ҚР ҰКП Х съезіне дайындық қарсаңында өткен жұмыс отырысында тағы да атап өтті.

ӨК төрағасы Асхат Айтжанов атап өткендей, бұл мәселе АӨК мен құрылыс секторына ерекше әсер етті. Кеңес мүшесі Бану Тлегенованың айтуынша, ол Мәртөк ауданында жұмыс істейтін шаруа қожалығы үшін де, шағын нысандар тұрғызуда да жұмысшылар тапшылығын сезінуде.

Бизнес жергілікті халықтың мұндай жұмысқа құлықсыз бара жатқанын және шетелдік жұмыс күшін тартуға квота азайғанын мойындайды.

ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Руслан Куйшиновтың ақпараты бойынша, биыл өңірге шетелдік жұмыс күшін тартуға 168 квота бөлінді. Бір шаруашылыққа 2-3 адам алынады. Квота ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде белгіленді. Тек ауыл шаруашылығы өндірушілерінің айтуынша, олар кем дегенде 700-ге жұйық маусымдық жұмысшы қажет. Мәселені аймақтарға квоталарды ұлғайту арқылы шешуге болады.

Өңірлік кеңес мүшелерінің жалпы шешімімен бұл мәселені ақтөбелік кәсіпкерлер алдағы Астанада өтетін ҰКП Съезі аясында панельдік сессиялар барысында айтуға ниетті. Осы уақытқа дейін өңірдегі кәсіпкерліктің жұмыс күшіне қажеттілігі туралы талдау жүргізіліп, бірқатар ұсыныстар пысықталады.

Тағы бір проблемалық мәселе-теміржол вагондарының тапшылығы.

"Құрылыс материалдарын - қиыршық тасты, битумды және т.б. жеткізу мәселесі кестеден артта қалуды тудыруда. Теміржол жолдарымен жүктерді тасымалдауға арналған вагондардың санын көбейту мәселесін көтеру қажет. Мәселе республикалық тұрғыда маңызды болып тұр", - деп түсіндірді "Әлия жолы" ЖШС директоры Жұмабек Куканов.

ӨК мүшелері сұйытылған газбен байланысты тағы бір тапшылық туралы айтты. Осы секторда жұмыспен қамтылғандар нарық конъюнктурасын ескере отырып, өңірлер бойынша норманы қалыптастыруды ұсынады.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Дана Бекбауова атап өткендей, ӨКП-да сұйытылған мұнай газын автогаз құю станциялары, газ желісі ұйымдары мен станциялар арасында бөлу тетігі бірнеше рет талқыланды. Бизнес алдағы іс-шара аясында нақты ұсыныстар әзірлеуі қажет.

Ал өңірлік кеңестің Әлеуметтік сала және адами капиталды дамыту комитетінің төрағасы Күлпаршин Айдарханова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Аrt Sport тегін шығармашылық және спорт секциялары бағдарламасының одан әрі жұмыс істеуі туралы жауабын естуге ниетті.

Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңеспен бірлесіп ҰКП Съезі шеңберінде панельдік сессия барысында мәселелерді айту үшін ұсыныстар әзірлейді. Съез 4 қарашада Астанада өтеді. Өңірлік кеңес Ақтөбе облысынан 13 делегат ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер