astana-view

ҚР Сауда және интеграциясының бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев пен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай павлодарлық кәсіпкерлерімен және шаруаларымен кездесті

2022 жылғы 02 Қараша
- Павлодар облысы
9356 просмотров

Олардың жұмыс сапарының негізгі шаралары Инвесторлар үйінде, оның ішінде Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.

Шараға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Өтешов қатысты.

А.Шаққалиев пен Ж.Өсербай шаруалармен картопты сатып алу мәселесі бойынша, одан кейін қоғам өкілдері, бизнес-қауымдастықпен, кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдерінің алдында сөз сөйледі.

Облыста жалпы сыйымдылығы 460 мың тоннаны құрайтын 146 көкөніс қоймасы бар, оларда қыстық-көктемгі маусымға 316 мың тонна картоп, 120 мың тонна сәбіз сақталады, деді М.Өтешов.

А.Шаққалиев пен Ж.Өсербай «Атамекен» ӨКП Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бизнес өкілдерімен кездесті, сонымен қатар азаматтарды жеке қабылдауын жүргізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер