Кәсіпкерлер әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң жобасының тұжырымдамасына ұсыныстар мен ескертулер бере алады
2022 жылдың 31 қазанында Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы жобасы тұжырымдамасының жобасын (бұдан әрі – Тұжырымдама жобасы) талқылауға шығарды
Тұжырымдама жобасында:
- Әкімшілік құқық бұзушылықтарды салалық нормативтік құқықтық актілерге көшіру мәселесі бөлігінде әкімшілік әділет аясын кеңейту;
- Әкімшілік құқық бұзушылықтарды болмашы, елеулі және өрескел құқық бұзушылықтар санатына (олардың әрқайсысында құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне байланысты айыппұлдың шекті мөлшері қамтылатын) градациялауды көздеу және кәсіпкерлік субъектілерінің санатына байланысты айыппұлдың мөлшерін айқындау (сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың лауазымды адамдарының жауапкершілігін белгілеу) кезінде бірыңғай тәсілді қалыптастыру қажет.
- ҚР Конституциясының аталған нормасын іске асыру мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі-ӘҚБтК) әкімшілік жазаның «қоғамдық жұмыстар» атты түрін көздеу, оны орындау тетігін айқындау, сондай-ақ ӘҚБтК-нің қолданылуы мүмкін ерекше бөлігінің құрамын айқындау;
- Орындау тетігі, сондай-ақ оны қолдануға болатын ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігінің құрамын айқындай отырып, қоғамдық жұмыстар (мәжбүрлі еңбек) түрінде әкімшілік жаза енгізу;
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану тәжірибесі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізудің ерекше тәртібін қарау қажеттілігін және соттың (лауазымды адамдардың) төтенше жағдай режимі жағдайында істерді қарау мерзімдерін тоқтата тұру құқығын анықтау;
- Заң жобасында күштеп әкелу тетігін бекіту ұсынылады, өйткені күштеп әкелу әкімшілік-процестік қамтамасыз ету шарасы болып табылады және істерді уақтылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету мақсатында оны сырттай жүзеге асыру мүмкін емес (туралылық қажет) жеке тұлғаны процестік әрекеттерді орындау мақсатында мәжбүрлеп жеткізуден (шығарып салудан) тұрады.
ӘҚБтК-де құқық қолдану практикасында ӘҚБтК-ге тиісті түзетулер, сондай-ақ әкімшілік-деликтік заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған түзетулер енгізу арқылы заңнамалық реттеуді талап ететін бірқатар құқықтық олқылықтар мен коллизиялар анықталды.
Тұжырымдама жобасына қатысты ұсыныстар болған жағдайда, ақпаратты 11.11.2022 жылға дейінгі мерзімде «Атамекен» ҚР ҰКП Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментіне мфна электрон мекенжайға жіберуді сұраймыз: kh.shaimerdenov@atameken.kz, тел. 8 7172 919 355
Пікір қалдыру:
Пікірлер: