astana-view

Алматы колледждері жұмыс берушілер күнін атап өтті

2022 жылғы 15 Қараша
- Алматы қаласы
6409 просмотров

«Жұмыс берушілер күні» Алматы қаласының барлық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында бір мезгілде өтті.

Шара аясында оқу орындарында жұмыс берушілер үшін колледж бойынша таныстыру экскурсиялары, кадрлар дайындаудың өзекті мәселелері бойынша педагогтар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында кездесулері өткізілді. Сондай-ақ, «Жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау туралы келіссөздері» іскерлік ойындары, пікірталастар, тәлімгерлердің тренингтері, кәсіпорындарға таныстыру экскурсиялары, жұмыс берушіден жаңа технологияларды шолу бойынша қонақ дәрістері өтті.

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «жұмыс берушілер күні» кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен одан әрі және тиімді ынтымақтастық мақсатында өткізіледі. Біз бұл кадрларды дайындаудың тиімді құралы деп санаймыз. Осы қағидаттар негізінде «Атамекен» ҰКП дуальді оқыту қалыптасты», – деп атап өтті Алматы қаласы ҰКП адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Толқын Әбілдаева.

Алматы қаласында барлығы 85 колледж жұмыс істейді. Оның ішінде 23 мемлекеттік колледж, 62 жекеменшік колледж. «Атамекен» ҰКП дуальді білім беру бағдарламасына 47 колледж қатысады.

«Атамекен» Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов осындай кездесулер форматының тиімділігін атап өтті.

«Жұмыс беруші мен болашақ маман өз саласының мәселелерін талқылайды. Жұмыс беруші өз қалауы, трендтері туралы айтады, ал студенттер тәжірибе жинайды, нарық белгілеген межеге қарай ұмтылады. Колледждер өз әлеуетін көрсетуде, басқаша айтқанда, нарықтың барлық тарапы бір алаңда болып, тиімділікті арттырады», – деп атап өтті Айтуар Кошмамбетов.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 16 қарашада Алматыда Қазақстанның барлық өңірндегі колледждер арасында жыл сайынғы «Мен – кәсіпкермін» республикалық гранд-турнирі басталады.

«Мен – кәсіпкермін» турнирін ҚР Білім Министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті Халықаралық бизнес академиясы колледжінің базасында ұйымдастырды. ҚР БҒМ бұйрығымен республикалық гранд-турнир республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының тізбесіне енгізілді.

Үлкен турнир аясында екі тәуелсіз байқау өтеді: іскерлік экономикалық ойын және кәсіпкерлік тақырыбындағы пікірталас.

Мақсаты жас ұрпақтың кәсіпкерлік бастамалары мен бизнес-дағдыларын қолдау және дамыту болып табылатын іс-шара екі аптаға созылады және 30 қарашада конкурстардың әрқайсысы бойынша қорытындылар шығарылатын болады.

«Мен-кәсіпкермін» турнирі 11 жыл бойы өткізіліп келеді. Байқау кәсіпкерлік тақырыбы бойынша республика колледждері арасында танымал деп айтуға болады. Осы уақыт ішінде турнирдің қазылар алқасы 1000-нан астам жобаны қарады, оған Қазақстанның 145 колледжінен 2,2 мыңға жуық студент қатысты», – деді Толқын Әбілдаева.

Іскерлік экономикалық ойында қатысушылар өздерінің бизнес-жобаларының идеяларын келесі бағыттар бойынша ұсынады: әлеуметтік кәсіпкерлік; өндіріс; сауда және қызмет көрсету; білім беру; шоу бизнес және мәдениет; туризм; экология. Әр бағыт бойынша 5-тен 7-ге дейінгі кәсіпкерден тұратын кәсіби қазылар алқасы финалға шығу үшін үздік жұмыстарды таңдайды.

Іс-шара «Атамекен» ҚР ҰКП, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы, Алматы қаласы білім басқармасы, жеке білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығы, «Салалық қауымдастықтар мен кәсіптік білім беру ұйымдарының одағы» ЗТБ, Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, «Halyk Global Markets» АҚ және Алматы университетінің менеджменті қолдауымен өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер