astana-view

Түркістандық кәсіпкер мектеп асханасына көрсеткен қызметінің ақысын ала алмай отыр

2022 жылғы 16 Қараша
- Түркістан облысы
6110 просмотров

Түркістанда кәсіпкерлер азық-түліктің қымбаттауының салдарынан шарттық міндеттемелерді орындауда қиындықтарға тап болып отыр.

Мектеп асханаларындағы қызмет көрсету кезінде туындайтын бизнестің мәселелері және оларды шешу жолдары Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында талқыланды.

Түркістан қаласының №27 мектеп-лицейінде әлеуметтік жағынан қорғалмаған, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 170 бала тұрақты тамақпен қамтылған. Осы мектепке қызмет көрсететін кәсіпкер ай сайын жергілікті білім бөліміне балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отырғаны туралы тиісті құжаттарын өткізген, алайда тек 51 балаға ғана төлем төленіп қалған 119 баланың кәсіпкермен жасалған келісімшартта көрсетілмеуіне байланысты қаржыландырылмай отыр.

 «Білім басқармасымен қаржыландырылмаған 119 балаға кредиттік қарыз ретінде төлем төлеуін және қыркүйектен бастап осы балалардың актілері мен табельдерін тапсырмау керегі талап етілді», – деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.

Сондай-ақ, «Ермұқан» жеке кәсіпкерлігі бірнеше  мектептердің асханасында өз қаражатына балаларды тамақтандырып, жаңа оқу жылына келісімшарт әлі күнге жаңартылмай, қазіргі таңда 3 миллионнан аса теңгесін алалмай отырғанын мәлемдеді.

Бұл фактілер облыс аумағында орналасқан басқа да мектеп асханаларында кездеседі.

«Жоғарыда аталып өткен проблемалар, яғни қаржының жеткілікті дәрежеде бөлінбеуі, уақытылы төлем жүргізбеудің салдары кәсіпкерлердің белгілі бір нормативтерді бұзуына әкеп соқты», – деп атап өтті кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Кәрімбаев.

Бұл мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өкілдеріне тиісті шаралар қабылдау керегі жөнінде тапсырмалар берілді.

Еске салайық, Кездесуді өңірлік палата прокуратура өкілдерімен бизнесті қорғау экожүйесін дамыту және тартымды бизнес ахуалды қалыптастыру мәселелері жөніндегі бірлескен жоспар шеңберінде ұйымдастырды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер